Мәдина Сәдуақасова 2560 жылдан сәлем жолдап жұртты шошытты (фото)
Отбасымен бірге Таиланд елінде демалып жатқан Мәдина Сәдуақасова 2560 жылдан сәлем жолдап, жұртты шошытып алды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Қазір Таиландта 2560 жыл. Барлық кестелер, азық-түліктердің жарамдылық мерзімдері, барлығы барлығы осы жылмен жазылады. Сол себепті сіздерге шалғайдағы болашақтан жалынды сәлем жолдаймын”, – деп жазады Сәдуақасова.
Таңырқап қалған желі оқырмандары бұған сенер-сенбесін білмеді. “Рас айтып тұрсыз ба?” деп қайталап сұрай берді.
Ал жазбаға мән бермегендер әншіні шолақ шалбар киіп алғаны үшін сынап тастады. Кейбіреулер қысқа киім киген Мәдинаға жараспайтынын ескертсе, ендігілер мұндай киімді әншінің “жасына сай емес” деп бағалады.
Бұдан бөлек, әнші күйеуі Олжасты ел алдында туған күнімен құттықтады.
“Туған күніңмен! Біз үшін сен ең қымбат жансың, аман есен жүргенің және анда санда болса да күлімдегенің бізді бақытты етеді!” – дейді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың болашағынан үміт күткен әншілер кімдер? (видео)
Баян мен Тұрсынғали махаббат хикаяларының қалай басталғанын айтып берді
Бағым Мұхитденова бір кездері Димашты сынағаны үшін өкінбейтінін айтты (видео)