Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрлігі Өзбекстанмен бірлесіп чемпионат өткізуге өтінім беруге қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан футболдан әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруді жоспарламайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

футбол

Министрлік 2034 жылы футболдан чемпионат өткізуге өтінім беруді жоспарламайтынын атап өтті.

"Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударып, осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетуде. Алайда Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмайтынын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламайтынын атап өтеміз", – деп мәлімдеді министрлік.

Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп, футболдан әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасалған еді.

Талқылау