Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрлігі медаль мен кубок дайындауға 126 миллион теңге бөлген

Мәдениет және спорт министрлігі медаль тарататын мекемеге айналмауы тиіс. Осылай деп ескерткен жоғарғы аудит палатасы министрліктің медальдар мен мақтау қағаздарына жұмсалатын шығындарын қысқартқаны жөн деп есептейді. Өйткені ведомство алдағы үш жылға арналған бюджеттен 126 миллион теңгедан астам қаржыны тек медаль, диплом мен кубок әзірлеуге сұратқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Аудиторлық палатаның мәліметінше, марапаттауға жұмсалатын қаржы жыл сайынғыдан 42 миллион теңгеге артық. Аудит өкілдері елімізде мұншама медаль алатын мәдениет қызметкерлері мен спортшылардың жоқ екенін алға тартып, қазына қаржысын оңды-солды шашудың дұрыс еместігін ескерткен. Ал министрліктегілер Қазақстандағы 176 спорт түрі бойынша өтетін жарыстар саны анағұрлым көп екенін айтады. Сондықтан алдағы екі жылға қажетті қаражат көлемі осыған саяды дейді. 

“2022 жылғы 1 сәуірде Ұлттық Олимпиада комитеті спортты дамыту дирекциясы Олимпиядалық спортты дамыту бойынша  функциялар берілді. Ал бұл республикалық іс-шаралар санының ұлғаюына алып келді. Бұл республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапаттау үшін сатып алынатын марапаттау өнімдерінің санының ұлғаюына келді”, – деді Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жетібаев. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 24 Қаңтар, 2023 07:28
Талқылау