AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрлігі мамандарды даярлауға бағытталған білім гранттарын жариялады

Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, спорт және туризм салаларындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған оқу гранттарын бөлу туралы бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

грант

Атап айтқанда, биыл Қазақ ұлттық өнер университетіне 275 мемлекеттік білім гранты бөлінбек. Оның 204-і қазақ тілінде оқитын студенттер үшін.

Аталған оқу орнына бөлінген гранттар: - музыка мұғалімдерін даярлау – 8; - орындаушылық өнер – 116; - режиссура, арт-менеджмент – 19; - дирижирлік мамандық – 15; - театр өнері – 24; - бейнелеу өнері – 28. Мүгедектігі бар адамдар үшін оқуға үш бағыт бойынша квота қарастырылған. Сондай-ақ ұлты қазақ, бірақ өзге ел азаматы болып табылатын студенттерге – 12, жетім балаларға – 3, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін – 15, толық емес отбасылардан шыққан студенттерге – 3 квота бөлінбек. Барлығы – 40 квота.

Ал Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында биыл мемлекеттік грант бойынша – 260, квота бойынша – 40 қазақстандық оқи алады.

Сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алуға ниетті жастар үшін - 219 грант және 31 квота бөлінбек. Халықаралық туризм және меймандостық университеті мемлекеттік грант шеңберінде 87 дене шынықтыру мұғалімін даярламақ.

Бұған қоса, аталған жоғары оқу орнына 13 квота бөлінген. Сондай-ақ министрлік бұйрығының жобасында магистратура және докторантура бағыттары бойынша гранттар қарастырылған. Бұйрықты ашық талқылау 15 тамызға дейін жалғасады.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр