Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі сайлауда өз таңдауын жасады

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, өз таңдауын жасауға шақырды. 

“Бүгінгі сайлауда дауыс беріп, азаматтық борышымды өтедім. № 130 сайлау учаскесінде белсенділік өте жоғары, бұл отандастарымыздың саяси процеске үлкен ынтамен қатысып жатқанын көрсетеді және бұл қуанарлық жағдай”, – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.

Талқылау