Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрлігінің бұрынғы шенеунігіне 411 млн теңге айыппұл салынды

2018-2019 жылдары және ағымдағы жылдың алты айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот салған айыппұлдардың жалпы сомасы 8 млрд 600 млн теңгені құрады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің стратегия және жедел басқару жөніндегі департамент басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пара

"Қылмыстық кодекске сәйкес айыппұлдың еселігі жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты пара сомасынан 10 еседен 80 есеге дейін түрленеді. 2018-2019 және ағымдағы жылдың алты айында сот салған айыппұлдардың жалпы сомасы 8 млрд 600 млн теңгені құрады", - деді Нұрлан Жақсімбетов онлайн-брифинг барысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, осы кезеңдегі айыппұлдың орташа мөлшері 8 млн теңгені құрап, ең жоғарғы айыппұл 672 млн теңгені болған. Ол ұлттық экономиканың экс-министрінің пара беру фактілері бойынша Есмұқанов пен Смағұловқа салынған.

"2020 жылы мәдениет министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Уәлиевке 411 млн теңге көлемінде ең ірі айыппұл салынды", - деп нақтылады Нұрлан Жақсімбетов.

Талқылау