Мәдениет министрлігі Қастеев мұражайына қатысты жанжалға түсініктеме берді
Мәдениет және спорт министрлігі Алматыдағы Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі төңірегіндегі жанжалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін музейдің салқындатқыштарының дауысы мұражай жанында салынған Central Esentai Residence тұрғын үй кешенінің тұрғындарына кедергі келтіретіні туралы мәселе қозғалған.
Министрліктің айтуынша, мұражай республикалық маңызы бар қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып табылады. Ол 1983 жылдан бастап тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамалар іргелес аймақтар шегінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге шектеулер белгіленген.
“Заңда қалаларды және басқа елді мекендерді жоспарлау, дамыту және қайта құру жоспарлары, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жер пайдалану карталары уәкілетті органмен келісуге жататындығы туралы жазылған. Алайда музейдің қауіпсіздік аймағы шегінде көп қабатты тұрғын үй кешенін салуға қатысты министрлікпен ешкім келіссөз жүргізбеген, тұрғын үй салуға рұқсат берілмеген", – деді мәдениет министрлігі.
Министрлік ауа баптау жүйесі музейдің өзі құрылғаннан бастап, яғни 1976 жылы орнатылғанын атап өтті.
“Ал ғимараттың сыртына шығып тұратын салқындатқыштар 2008 жылы орнатылған. Олар қалыпты жағдайда жұмыс істейді, жыл сайын профилактикалық жөндеуден өтеді және өндірушінің техникалық сипаттамаларына сәйкес келеді. Музейдің салқындатқыштары және салқындатқыш жүйесі ұлттық мәдени мұраны сақтау үшін қолданылуда”, – дейді министрлік өкілдері.
- Өскеменде мұражай-қорықтан ағаш үйді ұрламақ болғандар сотталды
- Әбілхан Қастеевтің немересі: Атамның туындыларымен менде тылсым параллель бар
Мұражай заттарын кешенді сақтау кезінде ауа температурасы +18 ± 1 градус болуы керек деп заңды тұрғыда бекітілген.
Қазіргі таңда мұражай мен Central Esentai Resedence тұрғын үй кешенін салушымен келіссөздер жүргізілді, нәтижесінде құрылыс салушының жағдайды жою туралы келісімі жасалды. Министрлік бұл мәселе елдің тарихы мен мәдениетінің ескерткіші ретінде мұражайдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үнемі бақылауда болды деп сендіреді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
