Мадагаскарда қашып кеткен президенттің орнына әскери қызметкер билікке келді
Фото: Anadolu
Мадагаскарда әскери төңкеріс болды. Барлық дерлік мемлекеттік институт таратылып, көтерілісшілер жетекшісі полковник Майкл Рандрианирина ел президенті ретінде ант берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
17 қыркүйекте Мадагаскардың Конституциялық соты полковник Майкл Рандрианиринаны "республиканың қайта құрылуына" арналған өтпелі кезеңнің президенті ретінде сайлады.
Үш күн бұрын, 14 қазанда Capsat арнайы күштерінің бөлімшесі билікті басып алғанын жариялап, тек Ұлттық жиналысты қалдырып, көптеген мемлекеттік институттарды іс жүзінде таратқан.
Ант беру рәсімінде сөз сөйлеген Майкл Рандрианирина елдегі жағдайды "тарихи бетбұрыс" деп атап, өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелердің шешімін іздеген жастардың талаптарын орындауға уәде берді.
"Мен Мадагаскар президенті ретіндегі жоғары жауапкершілікті толық, толық және адал атқарамын", – деді Рандрианирина.
Ол соттың сайлауды 60 күн ішінде өткізу туралы талабын қабылдамай, сайлаудың бір жарым-екі жылдан кейін өтетінін айтты. Өйткені, оның пікірінше, азаматтық билікке оралу үшін ауқымды реформалар қажет.
Рандрианирина жаңа Конституция мен сайлау заңнамасын әзірлеу үшін елдің "барлық қозғаушы күшімен" жұмыс істеу ниетін атап өтті.
Еске салсақ, Мадагаскар президенті елдегі көтерілістерден кейін қашып кеткен еді.

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
