Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

М3 процессоры ойын ережесін өзгертеді: Жаңа MacBook Air

4 наурызда Apple компаниясы MacBook Air ноутбугінің қуатты М3 чипімен жабдықталған жаңа нұсқасын таныстырды. Аталған модель екі өлшемде – 13 және 15 дюймде қолжетімді, бұл қажетіңізге қарай өзіңізге керегін таңдауға мүмкіндік береді. Жұқа әрі жеңіл Apple ноутбугі енді одан әрі қуатты бола түсті. 

макбук

Әйткенмен бұл жалғыз өзгеріс емес

М2 процессорындағы MacBook Air секілді жаңартылған нұсқаға да жарқын, қанық Retina дисплейі орнатылған. Бұл видео тамашалап, ойын ойнауға және жұмыс істеуге ыңғайлы. Ал пернетақтасы мен сезімтал тачпадтың сапасы сол күйі жоғары деңгейде қалды, корпусы жұқа, қолмен ұстағанда жағымды әсер қалдырып, көздің жауын алады.  

MacBook Air 2024-те тағы не өзгерді

М3 чипі керемет өнімділікке,жақсартылған графикаға және ұзақ автономды қызметке жауап береді. Жаңа MacBook Air М1 чипіне қарағанда 60%-ға, М2 чипінен 18%-ға жылдам. 

Фотоны өңдеп, ғаламторды пайдалансаңыз да, тіпті ұзақ уақыт қоңыраулар қабылдап, құжатпен жұмыс істесеңіз де, MacBook Air М3-ке сенім артуға болады. Ноутбукті 18 сағат тоқтаусыз пайдалана аласыз, сондықтан керек кезде қуаты таусылады деп алаңдаудың қажеті жоқ. 

MacBook Air М3-тегі базалық 8 ГБ жедел жады күнделікті тапсырмаларды орындауға, қызу жұмыс істеу үшін де жетеді. Сымсыз байланысқа арналған заманауи технологиялар интернет жылдамдығын арттырып, тұрақты байланысты қамтамасыз етеді. 

13 дюймдік ноутбуктің габариті оны кез келген сөмкеге немесе рюкзакқа салып жүруге мүмкіндік береді. Ал салмағының жеңілдігі сонша, өзіңізбен ноутбук барын ұмытып кетуіңіз мүмкін. 15 дюймдік нұсқасы сәл үлкенірек болғанымен, бірнеше тапсырманы қатар орындайтындар үшін үлкен экранды таптырмас гаджетке айналады. Бұған қарамастан көлемі ықшам. Дегенмен жұмыс кезінде жиі орын ауыстырсаңыз, өзіңізібен 13 дюймдік модельді алып жүру ыңғайлырақ. 

Екі монитор қосу мүмкіндігі бар

Иә, жаңа MacBook Air-ге бірден екі қосалқы монитор жалғауға болады, алдыңғы модельге тек бір монитор қосылатын еді. Бұл шығармашылық жұмыс кезінде де, уақытты қызықты өткізу үшін де қажет. Мысалы, бір монитормен фильм немесе сериал тамашалап, екінші мониторды құжаттарға арнауға болады, осылайша жұмыс кеңістігі екі есе үлкейеді. 
Ноутбуктің түсі қалай қорғалады
Жаңа MacBook Air төрт түсте қолжетімді: Starlight, Silver, Space Grey мен Midnight. Сондай-ақ қою көк түсінің кіршеңдік деңгейі азайды, себебі мұнда MacBook Pro-дағы Space Black түсіндегідей саусақ ізінен қорғайтын технология қолданылады. 

Қазақстанда қашан сатып алуға болады

Дәл қазір және 19 сәуірге дейін MacBook Air M3-ке алдын ала тапсырыс беріп, 24 айға бар болғаны 27 500 теңгеден бөліп төлеуге болады. Тиімді ұсынысты Apple брендінің Қазақстандағы ресми реселлерлерінің дүкендерінде рәсімдеуге болады: iSpace, Sulpak, Technodom, Mechta, Evrika және activ.

Жарнама құқығында

Талқылау