Батыс Қазақстан облысында 7 жасар қыз сіріңкемен ойнаймын деп күйіп қалды
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында 7 жасар қыз сіріңкемен ойнап отырып, күйіп қалған, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дүйсенбі, 8 тамызда 2015 жылғы қыз жер үйдің ауласында сіріңкемен ойнап жүрген, бір сәтте от жалыны оның киімін де алып кеткен.
Белгілі болғандай, қыз 2-3 дәрежелі күйік алған, қазір ауруханада жатыр.
Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін еске сала отыра, балаларға жаман үлгі көрсетпеу, олардың алдында темекі шекпеу, қараңғы бөлмелерді жарықтандыру үшін қағазды жақпау, сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керектігін айтады.
Үйде ақауы бар немесе қолдан жасалған электр құрылғыларын ұстауға болмайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”