Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедек қария саусақтарының орнына сым байлап күй тартты (фото)

36 жасында оң қолынан айырылған қария қайта күй тартты. Ол саусақтарының орнына сым темір жалғаған.

фв

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

36 жасында өндірістік жарақат алған Айтбай Мұздаханов Қостанай өңірінің белгілі тұлғасы. Десе де, ол тағдырдың тауқыметін көрдім деп ешкімге налыған емес. Оң жақ қолынан айырылған күйші саусақ орнына сым жалғап әлі күнге дейін шығармашылықпен айналысып келеді.

Өнерпаз тек орындаушы ретінде емес, сазгер ретінде де танымал. Оның “Елім-ай”, “Ару арман”, “Қара тау”, “Бозтайлақ” сынды туындылары бар. “Айтпайдың әртүрлі ел-жер, замандастар тұлғасын, өмірінде болып жатқан оқиғаларды өзінің шығармасында бейнелеуі – бүгінгі ұрпақ жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелейді”, – дейді маман Әбдіқадыр Әбілтаев.

то

Айтбай Мұздахановтың “Бабалар үні” жинағында 60-тан астам күй мен 40-тан астам әні жазылған. Бұл шығармалар түрлі сахнада орындалып, шәкірттері де байқауда топ жарып жүр. 1992 жылы Нұрғиса Тілендиевтің өзі оның күйін тамашалап, тиісті бағасын берген. “Домбыраны 8 жасымнан бастап үйрендім. Менің әкем де, атам күйші болған адамдар. Молдаш есімді атамды той-томалақтарға арнайы күй тарту үшін алдырып отырған. Әйелі де әнші болған. Біздің уақыт өнерге қолайсыз еді.  Өзіміз ҰОС-ның қайнап тұрған шағында тудым. Жасым қазір 75-те. Әкем марқұм текке қалмасын деп мені сабап жүріп үйретті”, – дейді қария.


Жіберіп алмаңыз:

Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды

Алматылық шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасына қалай жұмысқа тұрғанын айтты

Әйелінің адалдығына күмәнданған ауғанстандық оның қос құлағын кесіп тастады

Баян мен Тұрсынғали махаббат хикаяларының қалай басталғанын айтып берді

Талқылау