"Лукойл" шетелдік активтерін сатпақ: Қазақстандық жобалар мәміледен тыс қалды

"Лукойл" америкалық Carlyle инвестициялық компаниясымен шетелдегі активтерін сату жөнінде келісім жасасты. Компания мәлімдеуінше, бұл мәміле Қазақстан аумағындағы активтерге әсер етпейді. Олар бұрынғыдай "Лукойл" тобының иелігінде қалып, жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
29 қаңтарда "Лукойл" америкалық инвестициялық Carlyle компаниясымен келісім жасалғанын хабарлады. Келісімге сәйкес, компания Lukoil International GmbH-ты "Лукойл" тобының шетелдегі активтерін басқаратын 100% еншілес ұйымын сатпақ.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл мәміле Қазақстандағы активтерге қатысы жоқ. Яғни, Қазақстан аумағындағы жобалар "Лукойлдың" меншігінде қала береді және бұрынғыдай лицензиялар шеңберінде жұмысын жалғастырады.
Сонымен бірге келісім әлі түпкілікті емес. Ол бірқатар шарттардың орындалуына, соның ішінде АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) тарапынан рұқсат алынуына байланысты.
"Лукойл" басқа да әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатқанын да мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан OFAC-қа "Лукойлдың" еліміздегі үлестерін сатып алу мүмкіндігіне қатысты сұрау жолдаған еді.
Қазір "Лукойл" Қазақстанда бірқатар ірі активке ие. Компания Алматы облысындағы майлау материалдарын шығаратын "Лукойл Лубрикантс Орталық Азия" зауытына толықтай иелік етеді. Сонымен қатар "Теңізшевройл" жобасында 5%, ал "Қарашығанақ Petroleum Operating" компаниясында 13,5% үлесі бар.
Бұдан бөлек, 2023 жылы "ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Қаламқас-теңіз", "Хазар" және "Әуезов" учаскелерін игеру туралы келісімдерге қол қойған. Бұл жобада ресейлік компанияның үлесі 50%. Қазақстандағы "Лукойл" активтеріне үш шетелдік инвестор Carlyle, Chevron мен Quantum Capital Group бірлескен компаниясы, сондай-ақ БАӘ-нің International Holding Company қоры қызығушылық танытқан.
- Қазақстан Ресеймен бірлесіп, "Союз-5/Сұңқар" зымыран-тасығышын ұшырмақ
-
Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдан соң Қазақстан 3,8 миллион тонна мұнай жоғалтты
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның ең ірі мұнай кен орнындағы өндірістің тоқтауына байланысты мұнай бағасы өскенін жазған едік. АҚШ-тың Chevron мұнай-газ компаниясына тиесілі “Теңізшевройл” кәсіпорны электрмен жабдықтаудағы ақауларға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты. Шетелдік БАҚ мәліметінше, мұнай өндірісі тағы 7-10 күнге тоқтауы мүмкін. Бұл Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортталатын мұнай көлемінің қысқаруына әкелмек. Осы жаңалықтар аясында Brent маркалы мұнай фьючерстері 98 центке қымбаттап, барреліне 64,92 долларға жетті. Ал WTI мұнайы 1,11 долларға өсіп, 60,55 доллар болды.
"Мобилографты комиссия мүшесі ететіндей Ата заң ойыншық емес қой": Конституциялық реформа комиссиясының мүшесі болған Балтабаев тағы да көпке жақпай қалды