Лукошенконың жас кезіндегі фотосы мен жеке өмірі жайлы ақпараттар жарияланды
Желіде Беларусь президенті Александр Лукашенконың жас кезіндегі мұртсыз суреті жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото мемлекет басшысының жаңартылған ресми сайтында жарияланған.
"Экспресс газеттің" ақпараты бойынша, сайт 9 ақпанда жаңартылды.
Мәліметтерге сәйкес, Лукашенко 1975 жылдан бастап Галина Родионовнамен некеде тұрады. Ажыраспаған, бірақ бөлек тұрады. Әйелі Рыжковичи ауылында тұрады және жылына екі рет ресми іс-шараларға күйеуімен шығып тұрады.
Беларусь президенттің үш ұлы бар: Виктор (1975 жылғы), Дмитрий (1980 жылғы) және Николай (2004 жылғы).
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша соңғы ұлы Николайдың анасы Ирина Абельская, президент әкімшілігінің ауруханасының бұрынғы бас дәрігері, Александр Лукашенконың бұрынғы жеке дәрігері.
Лукашенко шаңғы, хоккей, аккордеон ойнаумен айналысады, салауатты өмір салтын насихаттайды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ