Лукашенко жаңа президенттік сайлау қандай жағдайда қайта өткізілетінін айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск доңғалақты тартқыштар зауытының ұжымымен кездесу барысында елдегі президенттік сайлау референдумда жаңа конституция қабылданғаннан кейін өткізілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Осындай болады, жігіттер. Біз жаңа конституция қабылдауымыз керек, ол сіздер қалағандай, тіпті адамдар да қарсы болмайтын болуы керек. Ол референдумда қабылдануы керек, өйткені біз бұрынғы конституцияны да референдумда қабылдадық және жаңа конституция бойынша, егер сіздер қаласаңыздар, парламент, президент және жергілікті билік органдарын сайлауды қайта өткіземіз", - деді Лукашенко.
Айта кетейік, Беларусьте 9 тамызда президент сайлауының нәтижелері жариялағаннан бері жаппай наразылықтар жалғасуда. Ресми мәліметтерге сәйкес, Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинады, ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановскаяның үлесінде 10 пайыздан астам дауыс.
Оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Тихановская жеңді деп санайды. Адамдар дауыстарды қайта санауды және мемлекет басшысының жаңа сайлауын тағайындауды талап етіп жатыр.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
