Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко Путинмен сөйлесті: Кремль әңгіменің егжей-тегжейін айтты

Беларусь және Ресей президенттері Александр Лукашенко мен Владимир Путин тағы да телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі БЕЛТА-ға сілтеме беріп хабарлайды.

Әңгіме барысында екі ел басшылары Беларуссиядағы жағдайды талқылады.

15 тамызда Лукашенко Минскідегі кездесуде республикада болып жатқан наразылықтардың аясында Путинмен байланыс жасағысы келетінін айтқан. Оның айтуынша, республикадағы қазіргі жағдай Беларусьтің өзіне ғана емес, Ресейге де қауіп төндіреді.

Кремль Ресей мен Беларусь Президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенконың телефон арқылы бір айдағы екінші сөйлесуінің егжей-тегжейін хабарлады, деп жазады ТАСС.


"Бұл - барлығы үшін тиімді": Путин КСРО-ның қайта жаңғыруы туралы пікірін айтты 


Тараптар ұсталған ресейліктерді Ресей Федерациясына қайтару мәселесі бойынша мамандандырылған ведомстволардың өзара іс-қимылын бағалады. Путин мен Лукашенко Беларусьтегі жағдай жақын арада шешіледі деп үміттенді. Екі мемлекет басшылары сондай-ақ деструктивті күштердің Мәскеу мен Минск арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа нұқсан келтіру әрекеттерін болдырмаудың маңыздылығын атап өтті.

Бұған дейін Лукашенко Путинмен 7 тамызда сөйлесткен. Содан кейін телефон арқылы сөйлесу барысында екі ел басшылары екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, олар Беларусь аумағында Вагнердің жеке әскери компаниясының (ПМК) мүшелері болып табылатын 33 ресейлікті ұстау мәселесін талқылады.

STAN.KZ
Сенбі, 15 Тамыз, 2020 16:52
Талқылау