Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко “Крокустағы” терактіден кейін лаңкестер неліктен Украина шекарасына қарай қашқанын түсіндірді

Беларусь президенті Александр Лукашенко Crocus City Hall-дағы терактіге күдіктілердің не себепті Брянск облысы арқылы шекара аспақ болғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BELTA басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Риа Новости

"Олар Беларуське өте алмайтындарын білді. Өйткені алғашқы минуттардан бастап Ресейдің бір бөлігі күшейтілген қауіпсіздік режиміне көшкен кезде, біз де қауіпсіздік режиміне өттік. КГБ төрағасы маған бөлімшелердің ұрыс жағдайына дайын екенін хабарлады. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігінің күштері тартылды, жолдарда, соның ішінде Ресеймен, КГБ, Мемлекеттік шекара комитеті және кейбір әскери бөлімдер тартылды. Сондықтан олар Беларуське ешқандай жолмен кіре алмайтын еді. Мұны көрген күдіктілер бірден Украина-Ресей шекарасына қарай бет алған", – деді Лукашенко.

Лукашенконың айтуынша, лаңкестік әрекеттен кейінгі бүкіл уақыт бойы Беларусь және Ресей бірлесе жұмыс жасады. 

“Путинге мен туралы “Хабарласан жоқ, басымызға күн туғанда үндемей жатып алды” деген сарындағы әңгімелер жеткен. Сіздер қайдан білесіздер. Біз түні бойы ұйықтамадық. Путинмен бірге болдық. Өзара бірлесіп әрекет еттік”, – деді Лукашенко. 

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

Айта кетсек, 24 наурызда Басманный аудандық соты қанды қырғынға қатысы бар 4 адамды 22 мамырға дейін қамауда ұстау туралы үкім шығарды. Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализоду, Мухаммадсобир Файзов пен Шамсиддин Фаридуни кінәларын толық мойындады. 

Талқылау