Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу соты терроризмге қатысты күдікке ілінгендерге бұлтартпас шарасын тағайындады

Мәскеудің Басманный аудандық соты "Крокус сити холлдағы" терроризмге қатысты күдіктілерге бұлтарпас шарасын тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

крокус

Сотқа 25 жастағы Фаридуни Шамсутдин мен 19 жастағы Мұхаммадсобир Файзов жеткізілді. Файзовты жедел жәрдем қызметі алып келген. 

Мәскеу аудандық соты РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы "Террористік акт" бойынша айыпталған Фаридуни Шамсутдин мен Мұхаммадсобир Файзовты 2024 жылдың 22 мамырына дейін, яғни 1 ай 28 тәулікке қамауда қалдыру туралы шешім қабылданды. 
Фаридуни Шамсутдин үйленген, сегіз айлық баласы бар. Подольскте тіркелген, паркет дайындайтын зауытта жұмыс істегені анықталды. 

Мұхаммадсобир Файзов бойдақ, шаштараз болып жұмыс істеген. 

Бұған дейін Далерджон Мирзоев пен Рачабализода Саидакрами Муродали сотқа әкелінген еді. Басманный аудандық сотының мәліметінше, оларға кісі өліміне алып келген терракт ұйымдастыру бабымен айып тағылған. Күдіктілер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Сот айыптаушы тараптың өтінішін қанағаттандырып, Мирзоев пен Муродалиді 1 ай 28 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады. 

Ресейлік БАҚ деректеріне сәйкес Мирзоев 30 жаста, Ресей аумағында тіркелмеген. Сот отырысында үйленгенін және үш баласы бар екенін айтқан. Ал Рачабализода Саидакрами Муродали Ресей аумағында тіркелген, оның бір баласы бар. Екеуі де кінәларын мойындаған. 

Талқылау