Лукашенко билік тізгінін қандай жағдайда өткізіп беретінін айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко қандай жағдайда кететін жария етті. Сөзінше, "мемлекетте ең соңғы арнайы жасақ жауынгері кет" деп айтпайынша, ол орнында қалмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Пул Первого Telegram-арнасында жарияланды.
"Ереуілдер, наразылық шараларының нәтижесі болмады. Шетелде жылы жерлерінде отырған араңдатушылар халық үшін, мемлекеттің үшін көтеріліңдер дейді. Олар өздерін саясатты мүлдем түсінбейтін адамдар екенін көрсетті", - дейді Лукашенко.
Оның айтуынша, мұндай адамдар елдің ертеңіне балта шабуда.
"Олар өздерін патриот деп атап, мемлекеттің экономикалық өркендеуіне нұқсан келтіріп, конституциялық құрылымы мен елдің жоюлуына әсер етіп отыр. Көршілерімізде не болып жатқанын естіп, біз халықтың ақылдан адасуының арты неге алып келетінін көре аламыз. Әсіресе, жастардың арасында бұл үрдіс анық байқалуда", - деп қосты Беларусь басшысы.
Бұған қоса, Александр Лукашенко тамыз айында митингтер болмағанда Беларусь елінің күйі қазір осындай болмас еді дейді.
"Егер тамызда қылт етіп, жаппай наразылыққа шықпағандарыңызда қазір мемлекетіміз гүлденіп отыратын еді. Ең соңғы арнайы жасақ жауынгері маған кет деп айтпайынша, мен қаз қалпымда осы жерде тұрамын. Өйткені Беларусьтің бары да нары да осы жеріміз", - дейді ол.
Өз кезегінде оппозиция өкілі, президенттікке үміткер болған Светлана Тихоновская Беларусь халқын билікке деген наразылықтарын тоқтатпауға шақырды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
