Луина бұзақылардың кесірінен инста-парақшасынан айырылып қалды
Әнші Луина ғаламтордағы алаяқтықтың құрбаны болды. Өнер иесі бұзақылардың кесірінен 600 мыңнан аса оқырманы бар инста-парақшасынан айырылып қалды, деп жазады Stan.kz.
“Барлықтарыңа сәлем! Елдің бәрі мені жоғалтып алған секілді, толассыз хаттар, қоңыраулар мен сұрақтар. Инста-парақшамды не себепті алып қойғандарын өзім де түсінбедім. Мүмкін үлкен мақсаттарын орындау үшін шығар. Мейлі, солай-ақ болсын. Әзірге парақшамды жаман жігіттер бұзып алды деп есептеймін. Достарым, жақындарым, тыңдармандарым, сүйікті құрбыларым мен менің парақшамды оқыған барша жандар! Мені бұрынғы жерден іздемей-ақ қойыңыздар”, – дейді Луина.
Есте болса, бұған дейін алақяқ-хакерлер отандық продюсердің парақшасын бұзып, оны кері қайтару үшін үлкен көлемде ақша талап еткен еді.
Жіберіп алмаңыз:
Марқұм жарына деген сағынышын әнмен жеткізген Мақпал Жүнісова елді жылатты (видео)
Бүркіт жары Аишаның үшінші перзентіне жүкті екенін айтып, елден сүйінші сұрады
Қайрат Нұртастың жары әншімен бірге гастрөлдік сапарға аттанбақ (видео)
Димаш Құдайберген елбасының немересімен және Головкинмен түскен суретін көрсетті