Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотерея ұтысы 2 миллиард доллар: Белгісіз азамат тарихтағы ең үлкен джекпотқа ие болды

Америкалық Powerball лотереясы дүйсенбіде ұтыс ойынынан кейін сатып алынған билеттердің бірінде барлық сандар сәйкес келгенін мәлімдеді. Осылайша, әзірге белгісіз билет иесі тарихтағы ең үлкен джекпотты жеңіп алды. Оның көлемі 2,04 миллиард долларға жетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Powerball билеттері 2 доллар тұрады, ал жеңімпазда салыққа дейін 997,6 миллион долларды құрайтын бір реттік (біршама аз) төлемді немесе 29 жыл ішінде аударылатын аннуитеттің (яғни жылдық төлемнің) толық сомасын алу мүмкіндігі бар. Жеңімпаздардың барлығы дерлік ақшалай төлем опциясын таңдайды.

Лотерея билетін кім сатып алғаны туралы әлі хабарланған жоқ. Ол Калифорниядағы Алтадина аумағында, Лос-Анджелес маңында сатып алынғаны белгілі.

Тағы бір адам 2 миллион доллар ұтып алды. Сондай-ақ 21 билет иесі миллион доллардан алатын болады. 

Үш ай бойы ешкім нөмірлерді болжай алмағандықтан, жүлде ұтысы өсе берген. 

Powerball мәліметтері бойынша, ұтыс ойынында джекпотты ұтып алу мүмкіндігі 292,2 миллионға шаққанда бір болды.

Джекпоттың алдыңғы әлемдік рекорды 2016 жылы үш Powerball ойыншысы арасында 1,59 миллиард доллар бөлінген кезде орнатылды.

1992 жылы құрылған Powerball лотереясына АҚШ-тың 50 штатының 45-і, астанасы Вашингтон орналасқан Колумбия округі, сондай-ақ Пуэрто-Рико мен Виргин аралдарындағылар қатысады. 

Джекпотты билеттегі барлық алты негізгі нөмір сәйкес келген кезде ұтып алуға болады. Егер мұндай бірнеше билет болса, сома олардың иелері арасында тең бөлінеді.

Соңғы рет 3 тамызда лоторея бойынша жеңімпаз 206,9 миллион доллар бір реттік төлем ұтып алды.

Әлемдегі ең үлкен лотерея төлемдері Америка Құрама Штаттарында ойнатылады. Дегенмен испандық Sorteo Extraordinario de Navidad рождестволық лотереясы әлемдегі ең үлкен лотерея ойыны болып саналады. 

2012 жылы бірінші жүлде 720 миллион еуроны құрады (сол кездегі айырбас бағамы бойынша - 941,8 миллион АҚШ доллары).

EuroMillions жалпыеуропалық лотерея тарихында ең үлкен ұтыс 2022 жылдың 19 шілдесінде болды және 232 миллион АҚШ долларын құрады. 

Талқылау