"Лотерея мен ұтысты шатастырмау керек": Бағлан Әбдірайымов кітаптан түскен 70 млн теңге ақшасына есеп берді
Әнші Бағлан Әбдірайымов жақында "Ақ пен қара" атты кітап жазып тұсауын кескен еді. Кітап шығару барысында түрлі ұтыс ойындарын ойнатты. Алайда әнші ұтыс пен лотереяның екі түрлі дүние екенін айтады. Сондықтан оның айтуынша, 5 көлік ойнатқаны лотореяға жатпайды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Үнтаспамды сатқан кезде одан түскен ақшаны қайырымдылық есебінде көп балалы отбасыға жұмсағанмын. Алты балалы отбасыға үй алып бердім. Көпшілік алғысын айтып жатты. Мен секілді қанша бауырларым қайырымдылық жасап жатыр. Оның бәрін көпке жария етіп отырмайды", - деді әнші.
Айтуынша, Бағлан мырза кітап сатылымы үшін 5 көлік ойнатқан. Алайда онсыз да кітабын сатып алған оқырмандары жетерлік екен.
"Лотерея деген ұтысқа ақша тігесің. Бір адам ұтады. Қалғаны ақшасыз қалады. Шығынға ұшырайды. Сол берген ақшасының орнында қолында түк қалмайды. Ал, мен 5 қазақ көлік ұтсын деп ойнаттым және ұтпаған жағдайда қолында кітап қалады. Сонымен қатар концерт көреді, онлайн-сабаққа қатысады. Бастан аяқ іс-шараны көре алады. Осының бәріне 10 мың теңге ғана төлейді. Мақсатым елді алдау емес. Кітабымның өзі құмар ойынға қарсы мәнде жазылған. Өзімнің қателіктерімді, білімсіздігімді, қаржылай сауатымның болмағанын, неге адасқанымды жаздым", - деді Әбдірайымов.
Әнші кітаптан түскен ақшаның қайда жұмсалғанына тоқталды.
"Мен 7 мың дана кітап шығардым. Оны әрқайсысы 9990 теңгеден сатқанда, 70 млн теңге пайда. 5 көлікке кететін ақша бар. Ол 35 млн теңге тұрады деңіз. 100 бағалы сыйлық бар. Оған 5 млн теңгені қосыңыз. 4 млн теңге кітап шығаруға және концерт қою үшін жалға 2 млн теңге жұмсалады. Техникаға 2 млн теңге, кітапты сатушы адамдарға 3,5 млн теңге жұмсалды. Қайырымдылыққа алынған баспана бағасы кем дегенде 3 млн теңге. Кітаптың өтуіне, жарнамалауы көмектесетін екі серігім ар. Оның жалақысы, қаламақысы бар. Кітапты интернетте жарнамалауға да ақша жұмсалады. Сонымен қатар келесі кітабымды шығару үшін де ақша қалу керек. Ал, одан артылған сома менің өз еңбегімнің жемісі", - деді әнші.
Айта кетейік, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Райымқұлова әлеуметтік желілерде ұйымдастырылатын ұтыс ойындарына шектеу қойылатынын ескерткен еді. Парламент мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
