LOTO Club дегеніміз не және оның құмар ойын орталықтарынан қандай айырмашылығы бар
Қалаңызда LOTO Club деген жазуы бар орталықтарды көріп, байқап жүрген боларсыз. Бәлкім, "Бұл қандай нысан?" деп қызыққанда шығарсыз. Бүгінгі мақаламызда дәл осы нысандардың жұмысына тоқталып, оның букмекерлер мен басқа да құмар ойын орталықтарынан айырмашылықтарын саралайтын боламыз.
Лотерея клубы немесе LOTO Club – бұл лотерея билеттері таратылып, лотерея ойындары тіркеліп, ұтыс ойындарының нәтижелері жарияланатын және ұтыстар төленетін ойын-сауық орталығы.
Қазақстандағы лото клубтар 2018 жылдың 1 қазанынан бастап ұлттық лотерея операторы – "Сәтті Жұлдыз" АҚ бақылауымен жұмыс істейді. Лото клубтардың жұмысы мемлекетпен реттеледі.
LOTO Club-тарда мынадай тираждық лотереяларды ойнауға болады:
- Bingo Club
- Naval Battle
- Bingo Club 38
- Keno Club
- Bingo Club 37
- Лотереяда жеңіске жете алмасаң, не істеуге болады?
- Сандарды түсінде көріп, ұтыс әкелген билетті қоқыстан тапқан: Лотерея жеңімпаздары өз оқиғалары жайлы айтты
Мұндағы лотерея ойындары әр 3-4 минут сайын өткізіліп, экрандар мен "Сәтті Жұлдыз" сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.
Лото клубтарда "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотерея операторының кез келген тираждық және лездік лотерея билеттерін сатып ала алуға болады.
Қазақстан бойынша ресми түрде тіркелген 400-ге жуық лото клуб жұмыс істейді, олардың саны жыл сайын артып келеді.
LOTO Club-тарда 18 жасқа толмаған азаматтардың ойын ойнауына тыйым салынған: лотереяларға жеке тұлғасын растайтын құжатпен ғана қатысуға рұқсат етіледі.
Лото клубтардың букмекерлер мен казинодан айырмашылығы қандай?
Бұған дейін айтқанымыздай, букмекерлерде ұтысқа ие болу үшін өзіңіз бәс тігетін шара немесе спорт жайлы хабардар болуыңыз қажет. Ал лотереяда ұтыс мөлшері ойыншылардың санына байланысты анықталады, әдетте мұнда жеңіске жету мүмкіндігін болжап білу мүмкін емес. Бұл дегеніміз, тіпті жаңа ойыншы да жеңімпаз атана алады деген сөз. Бір айта кетерлігі, LOTO Club-тарда сіз әлемдегі лотерея ойыншыларымен сайысқа түсе аласыз.
Сонымен қатар букмекерлер мен казинода ойыншылар ұйымдастырушыларға қарсы ойнаса, лото клубтарда ойнатылатын лотереяларда қатысушылар өзара бәсекелестікке түседі.
Әдетте, лотереяларда ұтыс сомасы алдын ала белгілі болады. Ал букмекерлерде ұтыс сіздің болжамыңызға тәуелді. Спортқа бәс тігуден қомақты сома ұту үшін тіккен ақшаңыздың көлемі де жоғары болуы шарт. Ал лотереяларда 100 теңгеге билет сатып алып, 1 миллион ұтып алуға да болады.
Лотереяларда билеттің сатылымынан түскен табыстың 50%-ы жүлде қорына, қалғаны мемлекетке аударылып, лотерея ұйымдастыруға жұмсалады. Яғни сіздің билетке жұмсаған ақшаңыз қоғамның пайдасына, әлеуметтік іс-шараларға, қайырымдылыққа бағытталады. Ал букмекерлер мен казиноларда жеңілгендердің қаражаты ұйымдастырушылардың қалтасына түседі.
Өз қалаңызда орналасқан LOTO Club-тардың мекенжайларын мына сілтеме арқылы көруіңізге болады.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
