Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотереяға қатыс та, қайырымдылық жаса: "Сәтті Жұлдыз" әлеуметтік  жобалары

Әдетте адамдар лотереяға көңіл көтеріп, ақшалай сыйлық, пәтер немесе автокөлік ұту үшін қатысады. Алайда сіз дәл "Сәтті Жұлдыз" лотерея билетін сатып алу арқылы отандық спорттың дамуына үлес қосып, мұқтаж жандарға көмек көрсете аласыз. Бүгін "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының қайырымдылық жобалары туралы сөз қозғаймыз.

Қазақстан Республикасының "Лотерея және лотерея қызметі туралы" Заңына сәйкес Ұлттық лотерея кірістер мен жүлде қоры сомасының 10 пайызын жаппай спортпен айналысуды қолдайтын "Спорт қоры" қорына жіберуге міндеттелген. Осы күнге дейіг аталмыш қорға Ұлттық лотереядан 7,1 миллиард теңге аударылды.

Бұдан өзге, биылдан бастап "Лотерея және лотерея қызметі туралы" заңға сәйкес Ұлттық лотерея кірістер мен жүлде қоры сомасының 10 пайызын "Қазақстан халқына" қорына аударуы қажет. Айта кетейік, 2022 жылы яғни бұл норма заңда бекітілмей тұрып, Ұлттық лотерея ерікті түрде аталмыш қорға 101 миллион теңге аударып үлгерген. Ал биыл екі тоқсанда "Сәтті Жұлдыздан" "Қазақстан халқына" қорына жалпы соммасы 2,2 миллиард теңгеден астам қаржы аударылды.

"Сәтті Жұлдыз" қайырымдылық жобалары

Ұлттық лотерея түрлі спорттық бағдарламалар мен ұйымдарды қолдайды. Мысалы: Qazaqstan Barysy, Qazaqsha kures, жекпе-жек өнері қауымдастығы және басқалары бар. Маусым айында Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан әлемдік турнирі өтті. Әлемдік және олимпиадалық спорт түріне жататын осы беделді жарыста Қазақстан атынан спорт көшбасшыларымен қатар, жас спортшылар да бақ сынасты. Турнирге әлемнің 45 елінен барлығы 400-ден астам спортшы қатысты.

Ауылға көмек

Биыл Ұлттық лотерея ауылдық жерлерде зияткерлік ойындардың дамуына мән беріп, "Зияткерлік сынып – конструктор" әлеуметтік жобасын қолдады. Жоба аясында құрылған арнайы шахмат және тоғызқұмалақ кабинеттері ауыл балаларына жаңа жол ашып, арнайы қажеттілігі бар балаларды қоса алғанда, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жобаны белгілі қазақстандық спортшы, Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульников әзірлеген болатын. Оны танымал спортшылар, депутаттар мен қоғам қайраткерлері де қолдаған.

Жоба аясында әр облыста шамамен 10-15 кабинет ашу жоспарланған. Онда 400-500 бала мен 200-300 ауыл тұрғыны бара алады. Сабақтар балалар мен жасөспірімдер үшін жұмыс күндері, ересектер демалыс күндері өтіп оларға бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.

Сергей Цырульниковтың Ұлттық лотереядан қолдау тапқан тағы бір бастамасы – "100 ауыл" жобасы. Ауыл мектептерін спорттық құрал-жабдықтармен қамтып, ауыл жастарын жігерлендіретін мастер-класстар мен ашық жаттығулар ұйымдастырылды. 

"Сәтті Жұлдыздың" тағы бір әлеуметтік жобасы Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясымен бірлесіп жасалған. "Сұлу - бақытты балалық шақ" жобасына ауылда тұратын 6 жастан 10 жасқа дейінгі қыз балалар қатыса алады.

Жаттықтырушыларды алдын-ала дайындап, оқушылардың эстетикалық топтық гимнастикамен айналысуына жол ашады. Жоба әзірге үш аймақта 960-тан астам қыз баласын және 12 жаттықтырушыны қамтуды жоспарлап отыр. Жоба шеңберінде топтар барлық қажетті жабдықтармен қамтылады.

Түлектерге грант

Сондай-ақ, "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан түлектерді қолдауға бағытталған білім беру бағдарламалары бар. Техникалық мамандықтар бойынша әлеуметтік осал топтағы студенттерге білім гранттарын сыйға тартады. Толығырақ мына жерден біле аласыз.

Жаңа өмір бастау

"Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясы құмар ойындарға тәуелділікпен күресу мақсатында "Жаңа өмір" тегін семинарлары мен дәрістерін ұйымдастырады. Еліміздің түрлі қалаларында мамандар қатысушыларға және олардың отбасына құмар ойындардың көмегімен ақша табудың мүмкін еместігін түсіндіреді. Сондай-ақ, ойынға тәуелді болып қалғандар үшін психологиялық қолдау және емдеу туралы дәрістер ұйымдастырылады. Семинарға кез келген адам мына телефон нөмірі арқылы қатыса алады: +7 771 361 30 40

Бұдан бөлек, "Сәтті Жұлдыз" алдағы уақытта өзге де жобаларды қолдауды көздеп отыр:

  • Мемлекеттік тілді қолдау және дамыту;
  • Зағип балаларды балабақшада тәрбиелеуге бағытталған "Дара" қорының "Әлемді ашамыз: Ерте даму" жобасы;
  • Жекпе-жек қауымдастығын қолдау;
  • "Бақытты отбасы" әлеуметтік жобасы;
  • Batyrs battle's жобасы.