Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондон ғалымдары рак ауруының емін тапты

Ғалымдар адамдарға рак ауруымен күресуге көмектесетін дәрі ойлап тапты. Аталған дәрі әзірге науқастардың өмірін бірнеше айға дейін ұзартып, ауырсынуларын басуда.

1439102176_uchenye

Лондон ғалымдары адамның иммунитетіне ұйқы безі рагымен күресуге көмектесетін препарат ойлап тапты. Ол IMM-101 деп аталады. Аталған препарат тестілеуден өткен. Сынаманың 85 пайызы ұйқы безі рагы асқынған адамдарға жүргізілген екен.

Әдеттегі химиятерапия алған науқастар орташа есеппен 4,4 ай өмір сүрген. Ал IMM-101 препараты берілгендер орташа есеппен 7 ай өмір сүрген. Кей науқастар бір жылға дейін өмір сүрген.  Мұнымен қатар, ойлап табылған препарат ауырсынуды басады екен.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар ыстық шай мен кофеден рак ауруы пайда болатынын дәлелдеді

Австралиялық бойжеткен рак ауруынан жазылдым деп жалған айтқаны үшін сотталуда

Қазақстандық онкологтар етті шектен тыс тұтыну рак ауруына соқтыратынын айтып дабыл қақты

Бразилиялық модель Ракель Сантос пластикалық операциядан соң көз жұмды

Талқылау