Ломбардқа шабуыл жасаған қарақшы 1982 жылғы жігіт екені белгілі болды
Астанада ломбардқа шабуыл жасаған қарулы қарақшының 1982 жылғы азамат екені анықталды. Бұл туралы қалалық ІІД өкілдері мәлімдеді, -деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Сурет:madeinpiter.com
«Қазір құзырлы органның қызметкерлері қарақшымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Әзірге анықталғаны осы ғана, басқа ештеңе айта алмаймыз», – дейді мамандар.
Бұған дейін Астанада Кенесары-Янушкевич көшелерінің қиылысындағы ломбардқа шабуыл жасап, 2 қызметкерді тұтқынға алғанын жазған болатынбыз.
Қазір полицейлер қарақшымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Оған рация беріліп, ломбард орналасқан аудан қоршауға алынды, арнайы операция жүріп жатыр.
Талқылау