Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Лох-Несс құбыжығы" түсірілген сурет желі қолданушыларының қызу пікірін тудырды

Шотландия тұрғыны Стив Чаллис Лох-Несс өзенінде жүзіп бара жатқан әлдебір тіршілік иесінің суреті әлеуметтік желі пайдаланушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лох Несс құбыжығы

Бұл жайлы Daily Mail басылымы жазыпты. 

Алғашында фотограф суреттегі жануарды балық деп ойлап қалған. Бірақ айтуынша, бұл жаратылыс иесінің ұзындығы 2 метрден де асады екен. 

Чаллис желі қолданушыларынан көмек сұрап, "балық тәрізді жануар" түсірілген суретті өзінің парақшасына жүктеген. 

"Бұл, сірә, теңізден жүзіп келген үлкен балық", "Бұл өзеннің суы лай, сондықтан мұның балық не балық емес деп кесіп айту қиын" деген сынды пікірлер жазылыпты. 

Кейбіреулер бұл Лох-Несс құбыжығы болуы әбден мүмкін деп те айтыпты. 

Шотландиялық азаматтың сөзінше, ол бұл суретті өткен жылдың қыркүйегінде түсіріп алған. 

Айта кетейік, Лох-Несс құбыжығы бірнеше жылдар бойы британиялықтардың арасында жиі айтылатын тақырыптардың бірі. Ең алғашқы бақылау сонау 1933 жылы жүргізілген. Бұған қоса құбыжық түсірілген сурет 2001 жылы да жарияланған. Алайда аңызға айналған тіршілік иесінің расымен де мекендеуі туралы басқа еш дәлел жоқ. 

 

Талқылау