AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі ағаштан түсіп жатқан құрттарға қатысты түсінік берді

Алматы әкімдігі ағаштардан түскен құрттарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда 15 сәуірден бастап жасыл желектерді зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Өңдеуден кейін ағаштардан құрттар төгілді. Осыған байланысты Жасыл экономика басқармасы түсініктеме берді.

"Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Жапырақ егеуіш құрттар адамдарға қауіп төндірмейді. Құрттар өңдеуден кейін төртінші-бесінші күндері өліп қалады",- деп хабарлады басқармадан.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, жұмыс барысында Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген, қауіптілігі төмен және арнайы сертификатталған препараттар пайдаланылады.

"Химиялық заттарға қарағанда, мұндай биологиялық қорғаныс заттарының басты ерекшелігі – олардың адамдарға және қоршаған ортаға зияны жоқ. Сонымен қатар, мұндай препараттар зиянкестерде тәуелділікті және патогенді микроорганизмдерде қарсылықты тудырмайды - оларды көптеген жылдар бойы, қолданатын заттың тұтыну нормасын арттырмай, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді", - деп атап өтті қалалық Жасыл экономика басқармасынан.

Еске салсақ, Алматы тұрғындарын ағаштардан төгіліп жатқан құрттар қорқытты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр