Ливиядағы су тасқыны - 10 мыңнан аса адам із-түссіз жоғалып кетті (видео)
Ливияда жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан 5 мыңнан аса адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"125 мың адам тұратын Дерна қаласында құрбан болғандар саны 2300 адамнан асты, тағы 7000-ға жуық адам жарақат алып, 5 мыңға жуық адам із-түссіз жоғалған", – деді Ливия төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
Билік өлім-жітім саны 10 мыңға жуық екенін жеткізді.
"Мәйіттер - теңізде, аңғарларда, ғимараттардың астында жатыр. Қаланың 25 пайыз тұрғыны жоғалып кетті десем, артық айтқаным емес. Көптеген ғимараттар қирады", – деді азаматтық авиация министрі Хичем Абу Чкиват.
At least 2,000 people are dead and more than 10,000 are missing. Flood waters were so strong that buildings were swept into the ocean.#Libya #LibyaFlood 🇱🇾 pic.twitter.com/ObO05mFksz
— Wafa News Agency - English (@WAFANewsEnglish) September 13, 2023
Толассыз жауған жаңбыр бүкіл ауданды шайып кеткеннен кейін құтқарушылар үйінді астынан жүздеген мәйіттерді шығара бастады. Ливиядағы IRFC делегациясының басшысы Тамер Рамадан қаза тапқандар саны өте көп екенін айтты.
"Біз тәуелсіз ақпарат көздерінен із-түзсіз жоғалғандар саны 10 мыңға жеткенін растай аламыз", – деді ол.
Ливиялық Қызыл Жарты Айдың үш еріктісі қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды. Ал жедел жәрдем бригадалары жергілікті жерде көмек көрсету үшін жұмылдырылып жатыр.
In Libya, thousands are feared dead in floods caused by torrential rains from Storm Daniel. Derna residents reported hearing loud explosions when dams near the eastern city collapsed, followed by a wall of water that "erased everything in its way." pic.twitter.com/cOVQ6baNlW
— DW News (@dwnews) September 12, 2023