Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ливия билігі кінәлі": БҰҰ өкілі су тасқынына кінәлілерді атады

Ливияда із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу және гуманитарлық көмек жинау жұмыстары жүріп жатыр. Билік су тасқынының салдарын жоюды жалғастыруда. 14 қыркүйектегі мәлімет бойынша 8 мыңнан астам қаза тауып, 10 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі nsk.tsargrad басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: nsk.tsargrad.tv

Ал бүкіл әлем Ливиядағы табиғи апатқа кінәлілерді іздеуде. Адамдар су тасқынының жойқын зардабына дауыл мен қалалардың географиялық орналасуы ғана емес, Ливия билігін де кінәлайды. Өйткені, жергілікті тұрғындар мен мамандардың айтуынша, шенеуніктер инфрақұрылымды дұрыс қолға алмаған.

Ливияда әскери қақтығыстар 10 жылдан астам уақыт бойы жалғасып, азаматтардың әл-ауқатына деген қамқорлық артта қалды. Еліміз бойынша бөгеттер, тұщыландыру қондырғылары, электр желілері мен жолдар апатты жағдайда. Бұл туралы 2021-2022 жылдар аралығында БҰҰ Бас хатшысының Ливия бойынша арнайы кеңесшісі болған Стефани Уильямс The Post басылымына хабарлады.

"Сонымен қатар, ол жерде су тасқыны сирек кездеседі. Мемлекет аумағында су тасқынына төзімді құрылыстар мен жолдар жоқ. Жергілікті тұрғындарға тіпті апат туралы да хабарланбаған. Төтенше жағдайларды алдын ала ескерту жүйесі жоқ. Дерна бөгетінің опырылуына қатысты тергеу жүріп жатыр", - деді Стефани Уильямс.

Талқылау