Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ливандағы шабуыл: Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді

Израиль әскері Ливандағы бітімгершілік базасына басып кіріп, негізгі қақпаны танкпен қиратып, 15 сарбазды жаралады. Еліміздің Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Shutterstock/Fotodom

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазір штабтың үш офицерінен құралған қазақстандық бітімгерлер әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр. Ал шиеленіскен жағдай қазақстандық бітімгерлердің қызметтік орындарынан қашықтықта орналасқан екен.



"Жағдай ушығып кеткен жағдайда қазақстандық әскери қызметкерлерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығымен және миссия басшылығымен бірлесіп шешіледі", – деді департаменттің ресми өкілі Руслан Жангулин. 

Айта кетейік, бұған дейін, Израиль армиясы Ливан базасына кіріп, салдарынан БҰҰ-ның кем дегенде 15 бітімгері жарақат алған еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштерінің өкілдері Израиль әскерлері олардың позицияларына басып кіріп, базаның негізгі қақпасын танкпен қиратып өткенін мәлімдеген. 

Талқылау