Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Литвалық азамат елордада балаларға домбырада ойнауды үйретіп жүр

Литвалық Бронислав Бугинас қазақтың ұлттық аспабы домбырада ойнауды өзгелерге үйретіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол 10 жыл бұрын Ұлытау облысы Қарсақпай ауылынан елордаға көшіп келген. Қазір "вокал және музыкалық аспаптар" үйірмесінің жетекшісі қызметін атқарып жүр.

"География факультетінің 2 курс студенті едім. Жезқазған қаласында жастар арасындағы шығармашылық байқауға қатыстым. Алматыға жолдама ұттым. Содан бастап өнерге, домбыраға деген қызығушылығым артты. Кейін музыкаға ден қойып, оқуымды ауыстырдым. Міне, осылайша домбыра, өмірімді күрт өзгертті", ― дейді Бронислав.

Литвалық азамат тек домбыраны ғана емес, сол арқылы қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін танып, тіпті мемлекеттік тілді үйренуге ден қойған. Одан бөлек Бронислав ұлттық аспаптар жинаумен әуестенеді. Коллекциясында қазақтың түрлі домбырасымен қатар қобыз, саз-сырнай, тұяқтас, тіпті сыбызғыға дейін бар.

"Негізі менің мұғалімдік тәжірибем 40 жыл. Ұлттық аспаптарды достарым сыйға тартқан, бірнешеуін туған-туыстарым табыстаған. Бір жерден музыкалық аспап көрсем, сатып аламын", ― дейді ол.

Бугинас бүгінге дейн 1000-нан астам балаға домбыра шертуді үйреткен. Алдағы уақытта музыка арқылы балаларды отансүйгішікке тәрбиелеп, қазақ тілін насихаттаймын дейді.

Талқылау