Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Литріне 300 теңге": Вице-министр жанармай тапшылығының себептерін атады

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде дизель отыны мен бензин тапшылығы пайда болды, дегенмен, ол жақын арада жойылады. Бұл туралы брифингте энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бензин

Оның айтуынша, маусым айында елдің оңтүстігінде мұнай өнімдерін жеткізуде үзілістер болған. Мағауов жеткізілімдердің төмендеуіне бірнеше факторлар себеп болғанын атап өтті.

"Мәселен, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеуге тоқтатылды. Сондай-ақ осы МӨЗ іске қосылғанға дейін 5-6 күн бұрын Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында орналасқан жанармай құю бекеттерінің иелері Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытынан өтінім беруді күрт қысқартты. Себебі теміржол тарифтері жоғары болды. Кәсіпкерлер Шымкент мұнай өңдеу зауытын жөндеуден кейін іске қосады деп күтті", – деді вице-министр.

Ол 13 маусымнан бастап бензин өндірісі қайта басталғанын мәлімдеді. Соңғы бес күнде орташа тәуліктік өндіріс 6,5 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте оңтүстік өңірлерде АИ-92 тәуліктік тұтынуы 5,3 мың тоннаға тең. 16 маусымнан бастап дизель отынын өндіру де қайта жанданды. Соңғы төрт күнде орташа тәуліктік өндіріс алты мың тоннаны, ал күнделікті тұтыну 5,6 мың тоннаны құрайды.

"Мұнай өнімдерін өндіру биылғы қажетті толығымен өтейді. Шымкент МӨЗ жөндеу жұмыстары кезінде де кәсіпкерлер Атырау және Павлодар МӨЗ-дерінен отын сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Өңірде мұнай өнімдерінің қоры қалыптасты. Бұл стандартты тәжірибе, зауыттар жыл сайын жоспарлы жөндеуден өтеді.

Бірақ жанар-жағармай материалдарын теміржолмен уақытылы жөнелт бойынша мәселелер болды. Қазір ҚТЖ-мен бірлесіп, оңтүстік өңірлерге басымдықпен жөнелтуді жеделдетудеміз. Министрлік мұнай өнімдерін өндіру саласындағы үйлестіруді қамтамасыз етеді, ал одан кейінгі процестер – кәсіпкерлер арасындағы бизнес қарым-қатынас. Осыған қарамастан, жеткізілімдегі үзілістерді азайту үшін біз оңтүстік өңірлерге отынды қол режимінде жеткізілуін қамтамасыз етеміз. Жағдай жақын арада қалыпқа келеді. Барлық МӨЗ тәулік сайын мұнай өнімдерін өндірумен және ішкі нарыққа жөнелтумен штаттық режимде жұмыс істейді", – деп сендірді Әсет Мағауов.



Брифингте журналистер жүргізушілер неге әлі күнге дейін дизель отынының жоғары бағасына шағымданып жатқанын сұрады.

"Жүргізушілер жанармай әлі де шектеулі мөлшерде шығарылатын жанармай құю бекеттерінде таблода бір баға, бірақ іс жүзінде бағасы қымбат деп шағымданады. Дизель отыныны литріне 300 теңгеге дейін жеткен. Жүргізушілердің айтуынша, таңдау жоқ. Бұл жағдайда не істеу керек?”, – деп сұрады журналистер вице-министрден.

Бұған жауап ретінде Мағауов көтерме бағамен дизель отынының айтарлықтай өсуіне алғышарттар жоқ екенін айтты.

“Көтерме бағамен алғанда, жағдай азды-көпті тұрақты. Мүмкін белгілі бір жанармай бекеттері қазіргі жағдайды – нарықтағы тапшылықты пайдаланып, бағаны көтерген болар. Менің ойымша, шешімдерді тиісті органдар қабылдайды", – деп түйіндеді ол.

Талқылау