Лионель Месси Аргентинадағы соңғы ойынын өткізді
Фото: Reuters
Лионель Месси ұлттық құрама сапында Аргентинадағы соңғы ойынын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Буэнос-Айрестегі "Монументаль" стадионында әлем чемпиондары Венесуэланы 3:0 есебімен ұтты. Кездесу 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтті.
Бұл ойында басты кейіпкер Месси болды – ол қос гол соғып, жанкүйерлермен әсерлі қоштасты. Капитан әрдайым отанында осылай аяқтауды армандағанын айтты.
Аргентина әлем чемпионаты жолдамасын алдын ала иеленгенімен, бұл кездесу символдық мәнге ие болды. Жас ойыншылардың алаңға шығуы құрамдағы буын алмасу кезеңінің басталғанын көрсетті. Ал жанкүйерлер үшін бұл – аңызға айналған футболшымен соңғы кездесу кеші болды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

