Лилия Рахпен қатар зергерлік үйінің иесі қамауға алынды
Сот сәнгер Лилия Рахтың шетелдік азаматты ұрлауына байланысты іс бойынша күдікке ілінген басқа да күдіктілердің есімін атады. Онымен бірге тағы бір танымал тұлға Carmen Мири Паз зергерлік үйінің иесі қамауға алынды.
Carmen Мири Паз зергерлік үйінің иесі сәнгер Лилия Рахпен бірге Өзбекстан азаматын ұрлауы бойынша екі айға қамалды, – деп хабарлайды «Қазақстан-Жаңалықтар» АА Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында.
Сот мәлімет бойынша 2016 жылы шілденің 30 жұлдызында Лилия Рахпен қатар Мири Паз бен Ислам Месиров екі айға тұтқындалған. Олар Суванов Хамро Усмановичті «пайдақорлық мақсатпен, өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық көрсеткен» ұрлау ісі бойынша күдікке ілініп отыр. Одан бөлек, сотта адам ұрлануының әуежай маңында орын алғанын хабарлады. Бұған дейін аталған іс бойынша төрт адамның қамауға алынғаны мәлімденген еді. Танымал қазақстандық сәнгер Лилия Рахтың тұтқындалғаны тек тамыз айының аяғында ғана белгі болды. 2016 жылы 9 шілдеде Алматы қаласы полициясына 33 жасар Өзбекстан азаматының жоғалғаны жайлы азамат Н. арыз жазғаны анықталды. Полиция ер адамның ұрланып, жалдамалы пәтерлердің бірінде зорлықпен ұсталынып отырғанын анықтаған.
Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 125 бабы – адам ұрлағаны бойынша жүрігізіліп жатыр. Тергеу уақытында күдікті, Sauvage Group ұйымдастырушысы, әлемге танымал брендтер ұсынылған сән дүкендерінің иесі Лилия Рахқа бұлтартпау шаралары қолданылмақ. 2015 жылы Business of Fashion ғаламтор-басылымы Лилия Рахты сән әлеміндегі ең беделді 500 адам қатарына қосқан еді.