Лидо отбасылық жантебірентерлік суреттерін көрсетті (фото)
Әдетте отбасылық өмірін құпияда ұстайтын әнші Лидо соңғы кездері ұстанымын өзгерткен сыңайлы. Бірнеше апта бұрын ол алғаш рет күйеуін көрсетіп, тыңдармандарын қуантып қойды. Ел ойлағандай күйеуінің “семіз, кәрі әрі тақыр бас” емес екенін көрсетті. Алайда мұнысын астарлы әзілмен жеткізді.
Фото: instagram.com/lido_kz
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жуырда әнші арнайы фотографпен отбасылық фототүсірілім ұйымдастырғанын айтып қалды. Ол су жаңа суреттерді желідегі парақшасына жүктеп, оқырмандарын қызықтырып қойды.
Фото: instagram.com/lido_kz
Ел арасында Лидоның ұлтына қатысты сұрақтар көп. Естеріңізде болса, артық сауалдардан мезі болған Лидо 2016 жылдың соңында әкесінің таза қазақ екенін айтқан еді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова Лидоның әкесінің туған әпкесі. Ол кезде Лидо анасы туралы сөз қозғамаған болатын. Бұл жолы әнші анасын да көрсетті. Көпшілік суретке қарап, әншінің анасының орыс ұлтынан екенін болжады.
Фото: instagram.com/lido_kz
“Мен үшін ең қымбат қыздар: Анам және қызым”, – деп жазды Лидоның өзі.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмаханның сәби күнгі суреті желіні шулатты
Әріптесі Децлді желіде қорлағаны үшін 6 мың доллар өтемақы төлейтін болды
Қайрат Нұртастың отбасы Шиеліде құдалық өткізіп келді (видео)
Еркенің әнін рэппен толықтырған жігіт желіде “жұлдызға” айналды (видео)