Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лидия Каденованың келіні жас әншімен көңіл қосқан ба? (видео)

Атақты актриса Лидия Каденованың келіні Айым Алтынбекова желіде аса танымал. Бет әрлеуші болып жұмыс істейтін Айымды көпшілік Aeka Posh лақап атымен таниды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда ғана ел арасында актер Дидар Кәден мен Айым Алтынбекованың ажырасқаны жайлы ақпарат тараған еді. Көпшіліктің айтуынша, Дидар мен Айымның ажырасуына әнші Бүркіт таспалаған фильм себеп болған. Айта кетейік, аталған кинокартинада Айым басты рөлдердің бірін сомдаған.

Десе де, бұл күнге дейін Дидар да, Айым да отбасылық өмірлеріне қатысты мәлімдеме жасамады. Алайда күні кеше желіде пайда болған мына видео Кәденовтер шаңырағының шайқалғанын растай түсті.

? Omir goi…

Публикация от Daulet Bolatov (@bolatov_daulet)


Желідегілер “Айым экс-күйеуін қызғандыру үшін әдейі осындай қадамға барды” деп топшылады. Көпшілік елге сыйлы енесін ойламаған жас келінді сынап тастады.

“Иә, ұят деген нəрсенің қалып бара жатқандығынан ғой осының барлығы өкінішті. Қыздар рас айтады, ең болмаса қаншама елге сыйлы Лидия апайды сыйласаңыздар болар еді қанша ел көріп отыр, мейлі ойын болсын пиар болсын шамалы ұят деген нарсе болу керек”, – деп жазды желідегі оқырмандардың бірі.

Жіберіп алмаңыз:

“Өмір шындығы”: Баян Мақсатқызы Қайраттың фильміне қатысты пікір білдірді

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың енесі жайлы айтып берді

Жұлдыз Әбдікерімованың әкесі алғаш рет қызының өмірі жайлы сұхбат берді

Қыдырәлі Болманов: Бағдарламада өнер адамдарына сұрақ қою, бірге қуану, әзілдеу үшін алып бара жатқан білімнің керегі жоқ

Талқылау