Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ЛГБТК құндылықтарын дәріптейді": Министрлік қазақстандық ЖОО-ны Аризона университетінің басқаруына беру туралы жанжалға жауап берді

Білім министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындарының бірін Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім төңірегіндегі жанжалға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай шешімге қарсылар американдық университет ЛГБТК қауымдастығына жақсы көзқараста және шетелдік оқытушылар қазақстандық студенттердің ойын өзгертуі мүмкін екенін алға тартады.

Білім министрлігі оқушылармен тәрбие жұмысы Қазақстандағы дәстүрлі құндылықтарға сай жүргізілетінін атап көрсетеді.

Біұрынғы білім беру қызметкері Анар Қайырбекованың Аризона университеті Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен ынтымақтасса, ЛГБТК қндылықтарын белсенді түрде насихаттайтынын мәлімдеген. Сөздерін дәлелдеу үшін ол американдық университеттің ЛГБТК топтарын қолдау туралы жазылған веб-сайттағы ақпараттарының сілтемелер мен скриншоттарды келтіреді.

Ғаламтордағы мұндай мәлімдемелерге түсініктеме берген Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Аризона университеті филиалының тәрбие ісі жөніндегі проректоры лауазымы қазақстандық тараптың өкіліне жүктелетініне сендірді.

"Студенттермен жұмыстың барлығы біздің менталитетіміз бен идеологиямызға сай жүргізілетін болады. Ал шетелдік университеттің міндеті тек білім беру саласында тәжірибе алмасу. Сондықтан уайымдамаңыздар, өйткені тұрақты негізде жұмыс жүргізілетін болады. Оқушылармен патриоттық сезімді тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды, еңбекқорлық пен адамгершілік қасиеттерді насихаттау басты мақсатымыз болмақ", - деп түсіндірді ол Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, ынтымақтастықтың мақсаты қос дипломдық бағдарлама әзірлеу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу.

"Университетті сенімгерлік басқаруға беру - бұл университетті шетелдіктерге сату емес, тек өтеу құқығынсыз 10 жыл мерзімге жасалған келісім-шарт. Іс-шараларды бақылауды қазақстандық тарап жүзеге асыратынын ескертемін. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері басқа елдермен әртүрлі салаларда тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және шетел университеттерімен тәжірибе алмасуды дұрыс қабылдау керек деп есептеймін. Бұл студенттеріміз үшін жақсы мүмкіндік", - деді вице-министр.

Бұған дейін Қазақстан президенті елімізде шетелдік беделді университеттердің филиалдарын ашуды тапсырған болатын.

ЛГБТ дегеніміз не?

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 09 Ақпан, 2022 20:54
Талқылау