LG компаниясы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге 50 түп жеміс ағашын екті
LG компаниясының қызметкерлері Алматы облыстық № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге 50 түп жеміс ағашын отырғызды.
Маусым айының басында екі маңызды мереке атап өтіледі – Халықаралық балаларды қорғау күні (1 маусым) және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні (5 маусым). Екі оқиға да айналамыздағы адамдарға мейірімділік таныту және біз өмір сүретін әлемге қамқорлық жасау қаншалықты маңызды екенін еске салуға шақырады.
Бизнестің әлеуметтік-жауапты (CSR) бастамаларын тұрақты түрде дамытып және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инновацияларды енгізе отырып, LG жергілікті қоғамдастықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізіп тұрады.
Бұдан бұрын компанияның Қазақстанда өткен "Көмек қолыңды соз" Донор Күндері, "Prima Nota Fest" Республикалық академиялық жас таланттар фестивалі-байқауына демеушілік ету және жергілікті жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған білім беру дәрістері сияқты CSR-іс-шараларының жалғасы ретінде, 3 маусым күні LGEAK командасы Алматы облыстық №1 балалар үйінің аумағында экологиялық қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Компания қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге 50 түп жеміс ағаштарын отырғызды, балалармен экология тақырыптарын талқылап, бізді қоршаған табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын көрсетті.
Балалардың әрқайсысы өзі отырғызатын ағаш түрлерін – алма, алхоры, өрік, шие немесе алмұрт ағаштарын таңдады, ал LGEAK қызметкерлері арнайы шақыртылған ағаш отырғызу мамандарымен бірге балаларға қысқа мерзімде өнім алу үшін көшеттерге қалай дұрыс күтім жасау керектігін айтып берді. Іс-шара соңында барлық балалар LG-ден естелік сыйлықтар алды.
Компанияда бизнестің тұрақты дамуы мен әлеуметтік жауапкершілігі қағидалары коммерциялық табыстың кепілі және әрбір адамның жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету кепілі болып табылатынына сенімді.
Өндірістік процестердің планетаның табиғи ресурстарына әсерін азайтуға көмектесетін технологияларды үнемі енгізе отырып, жас ұрпақ үшін білім беру іс - шараларын жүргізу және технологияны дамытуда инклюзивті тәсіл принциптерін ұстану, LG маңызды технологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ете отырып, заманауи инновациялық бизнес қоғамның маңызды қатысушысы бола алатындығын көрсетеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
