Лейкемияның ауыр түріне шалдыққан баланың ата-анасы қазақстандықтардан көмек сұрайды
Түрік дәрігерлері кішкентай қазақстандықты құтқаруға тырысуда. Төрт жасар Арслан Раев Стамбул клиникаларының бірінде химиотерапия алады. Тоғыз ай бұрын балаға ауыр лимфобластикалық лейкемия диагнозы қойылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Басында кішкентай Арслан аяғы ауыратынын айтып, шағымданған. Сондай-ақ мұрнынан қан кету жиілеп кеткен. Ата-анасы баласын дереу дәрігерлерге көрсетеді. Бұдан соң ұлының денсаулығында күрделі мәселе бар екені белгілі болған. Отбасы ештеңеге қарамастан Ыстамбұлға ұшып кетеді. Осылайша балаға жасалған сегіз химиотерапия курсы сәтті өткен. Алайда денсаулығы түзелді деп ойлағанмен, жағдай қайта қайталанады.
Қазір Арслан өмір мен өлімнің арасында тұр. Оның бас ауруы мазалайды, анасы ұлының жанынан бір қадам да кетпейді. Кішкентай қазақстандықтың жағдайын түрік дәрігерлері қарап отыр. Арсланға жілік майын трансплантациялау қажет. Ол үшін клиника – 135 мың доллар деген баға қойған. Бірақ оларда мұндай қаржы жоқ.
“Бүгінгі күнге дейін төрт емдеу хаттамасын алдым, бәрі жақсы болған. Әр жолы ауруының беті қайтып отырды. Бірақ соңғы химиотерапияда баламның оң қолы жұмыс істемей қалды. Осыған байланысты миға МРТ тағайындалды. Осыдан соң миында экстрамедулярлы рецидив анықталды”, – дейді Динара Райымқұлова.
Байланыс телефоны: 8-707-814-86-15
Көмек қолын созу үшін реквизиттер:
Каѕрi Ваnк
8 707 814 86 15
5169 4971 8025 6574
Қазақстан Халық банкі
4405 6397 5002 0537

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
