Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Lenovo-ның ресми интернет-дүкені енді Қазақстанда қолжетімді

Lenovo Қазақстанда ресми интернет-дүкеннің іске қосылғанын хабарлайды. Енді сатып алушылар Legion ойын ноутбуктары, Legion go консолі мен кәсіби ThinkPad жұмыс станциялары сияқты компанияның соңғы үлгідегі құрылғыларын үйден шықпай-ақ оңай сатып ала алады.

Интернет-дүкен Legion ойын ноутбуктары, Legion go консолі, ThinkPad жұмыс станциялары, IdeaPad ноутбуктері мен Yoga моноблоктарын, мониторлар мен аксессуарларды қоса алғанда, компьютерлік техниканың кең спектрін ұсынады. Өндірушінің ресми дүкенінің басты артықшылығыың бірі – жаңа өнімдерді сатып алған кезде әлемдік премьералар мен хабарландыруларға да қоса ие боласыз. Қазірдің өзінде сайтта Legion go портативті ойын консолі мен жақында жарияланған Lenovo Legion 9i ноутбуктарын сатып алу қолжетімді.

Lenovo технологияны таңдау маңызды шешімді талап ететінін түсінеді. Сондықтан мұнда барлық сатып алушыларға кәсіби кеңес беріледі. Егер қымбат ноутбук немесе аксессуарды таңдауда қиналсаңыз, компания мамандары оңтайлы шешім табуға көмектеседі. Жақын арада сайтта әртүрлі сервистік бағдарламалар да ұсынылады. Атап айтқанда кеңейтілген кепілдік беру мен кездейсоқ зақымдап алудан қорғану қызметтері болады.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін интернет-дүкен қажетті құрылғыны тез табуға мүмкіндік беретін "параметрлер бойынша таңдау" функциясымен жабдықталған. Сонымен қатар, ноутбуктерді тапсырмалар арқылы таңдауға мүмкіндік бар. Бұл техникалық бөлшектер мен қажет модельді қателеспей таңдауға көмектеседі.

Сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдері де веб-сайттан қажет нәрсенің бәрін табады. Мұнда жеке конфигурациядағы құрылғыларға алдын-ала тапсырыс беру мүмкіндігі, қолма-қол ақшасыз төлем және бухгалтерлік құжаттардың толық пакеті корпоративті клиенттер үшін қол жетімді. Түрлі жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар шығындардың реттілігіне көмектеседі.

Интернет-дүкендегі барлық өнімдер Қазақстан аумағында сертификатталған және Lenovo ресми сервистік орталықтарында кепілдік қолдауы бар. "Қолдау және кепілдік" бөлімінде кепілдіктің бар-жоғын және жарамдылық мерзімін тексеруге, сондай-ақ Lenovo және Motorola өнімдерін пайдалану және жөндеу бойынша нұсқаулықтарды табуға болады.

Ал Stan.kz оқырмандар үшін шілде айының соңына дейін Lenovo интернет-дүкендегі барлық өнімдеріне жеңілдік беретін Stan промокоды жұмыс істейді. Керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Каталогқа кіріп өзіңіз үшін тамаша құрылғыны мына жерден таңдаңыз.

Талқылау