Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Lenovo Қазақстан" компаниясының директорын өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды

ДубайФото: Polisia.kz

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол еліміздің Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген.

Ол "Lenovo Қазақстан" компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған. Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Lenovo компаниясы директорының денесі табылған болатын.

Айнұр Мұхади
Жұма, 17 Қазан, 2025 17:35
Талқылау