AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин: Заманауи Украинаны толығымен коммунистік Ресей құрған

Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донбасс халық республикасы мен Луганск халық республикасының егемендігін мойындап, ресейліктерге үндеу жолдады. Өз кезегінде Путин Украинаның тарихын сөз етіп, құрылуында Лениннің үлкен рөл атқарғанын айтты. Сонымен қатар қазіргі кездегі Украина билігін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Путин

Үндеуде не айтылды

Путин ДХР мен ЛХР егемендігін мойындау туралы шешімін Ресей қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысынан кейін айтты. Ал халқына үндеуінде тарихқа көз жүгіртіп, Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынас жайлы пікір білдірді. Сонымен қатар "заманауи Украинаны толығымен коммунистік, большевиктік Ресейдің құрғанын" мәлімдеді. 

"Бұл 1917 жылы көтерілістен кейін бірден басталды. Дегенмен Ленин мұны Ресей үшін тиімсіз жолмен жасаған, яғни өзінің тарихи жер аумағын бөліп берген", - деді Путин.

Путиннің айтуынша, Ұлы Отан Соғысынан кейін Сталин Польша, Румыния мен Венгрия жерлерін Украинаға берген. Ал өтемақы ретінде Польшаға Германияның жерін табыстаған. Әрі 1954 жылы Хрущев Қырымды белгісіз себептермен Ресейден тартып алып, Украинаға сыйға тартқан. 

Путин Украинадағы декоммунизация, яғни коммунистік идеологиядан бас тарту процесі жүріп жатқанын, мұны Ресейдің жасап бере алатынын мәлімдеді. Сонымен бірге Украинаға бастаған ісінде жарты жолда тоқтап қалмауға кеңес берді.

"Қазіргі жас ұрпақ Украинада Лениннің ескерткіштерін алып тастады. Мұны деккомунизация деп атайды олар. Біз Украинаға нағыз декоммунизацияның не екенін көрсетеміз", - деп қосты Владимир Путин. 

Ресей президенті Украинаның құрылуы жайлы айта келе, "Владимир Ильич Ленин атындағы Украина" деп атады. Себебі мемлекеттің "авторы мен архитекторы Ленин" дейді. Оның сөзінше, Кеңестік Украина большевиктік саясаттың негізінде пайда болған, ал мұны тарихи құжаттар мен Лениннің Донбасс жайлы жазбалары дәлелдей алады екен. 



Үндеу кезінде Ресей басшысы Украинадағы билікті де тілге тиек етті. Путиннің айтуынша, мұндағы барлық сайлаулар билікті түрлі олигархиялық топтар арасында бөлу процесін жасыратын "шымылдық" рөлін атқарып келген. 

"Украинаның мемлекеттік дәстүрі болмағанын түсіну керек. 1991 жылдан бастап олар Украинаға сай келмейтін және тарихтан аластатылған түрлі модельдерді көшірумен келеді", - дейді Путин.

Путин Украинадағы саяси және мемлекеттік институттардың түрлі ұйымдардың қызығушылына қарай бұрмаланып келгенін айтады. Ал бұл Украина халқының қызығушылыға мүлде сай емес дейді ол. 

"Украинаның олигархиялық билігінің батыс өркениетін таңдауының басты себебі халықтың жағдайын қамтамасыз етуде емес, Ресейдің геосаяси қарсыластарына қызмет көрсетіп, украиналықтардан ұрланған ақшаны батыс банктерінде сақтау болып табылады", - деп қосты Путин.

Қауіпсіздік кеңесінен кейін

Кеңеске парламенттің қос палата депутаттары, министрлер мен өзге де мемлекеттік орган басшылары қатысқан. Олар Донбас халық республикасы мен Луганск халық республикасын мойындауға қатысты оң пікір білдірген. Ал кейбір қатысушылар тек қана егементікті мойындау емес, ДХР мен ЛХР-ді Ресей аумағына қосып алуды ұсынған. Кеңес тікелей эфирде телеарналар арқылы көрсетілді. 

Кеңестен бір сағат бұрын өзін-өзі жариялаған ДХР мен ЛХР басшылары Денис Пушилин мен Леонид Пасечник Путинге үндеу жолдап, "Украина шабуылына толық қарсы тұру үшін және бейбіт азаматтардың өлімінің алдын алу үшін" тәуелсіздігін мойындауды сұраған. 

Путин қорғаныс министрлігіне ДХР мен ЛХР-дегі тәртіпті ресейлік әскерилердің көмегімен қамтамасыз етуге тапсырма берген. Сонымен қатар Ресей екі елдегі қаржы мен банк жүйесін де қолдамақшы. Дегенмен қаржы нарығында рубль айтарлықтай құлдырап кеткен. 

Донбастағы жағдай

Өткен аптаның соңында Украинаның шығысындағы жағдай бірден ушығып кетті. ДХР мен ЛХР әйелдер, балалар мен қарттарды Ресейге эвакуациялап, Украина тарапынан шабуыл қауіпі күшейгенін айтқан. 

Жағдайдың ушығуына ресейлік 100 мың сарбаздың Украина шекарасы маңында болуы себеп болған. Батыс көшбасшылары Ресейдің басып кіруі мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан. Алайда Мәскеу Киевке қатысты мұндай жоспардың жоқ екенін мәлімдеді. 

Халықты эвакуациялау бойынша Ресей билігі кең көлемді жоба жасап шыққан. Тергеу комитеті оқу ату мәлімдемелері бойынша бірнеше қылмыстық із қозғады. Ал Украина билігі Ресей тарапы өздері оқ атып, арандатып отыр деп санайды. 

21 ақпанда Федералды қауіпсіздік қызметі Украина аумағынан жіберілген снарядтың Ростов облысындағы шекара пунктін қиратып кеткенін мәлімдеген. Бұдан кейін Қорғаныс министрлігі мемлекеттік шекарадан өткен 5 украиналық диверсанттың өлтірілгенін хабарлады. 

Айте кетейік, Ресей ДХР мен ЛХР егемендігін мойынаған соң әлем елдері бұған қатысты пікір білдірген

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр