Ләйлә Сұлтанқызы туған күніне жиналған ақшаны қайырымдылыққа жұмсады

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы туған күніне жиналған ақшаны қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ләйлә өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"42 жас. Артта қалды қанша көктем, қанша жаз. Жан-жағымды қоршаған жақындарға болдым мәз... Ыстық ықылас пен толастаған жылы тілектеріңізді оқып, екі езуім екі құлағымда. Құдай көп көрмесін. Шүкір Биыл айтулы күнде отбасымыздың қос қуанышын қатар тойлау бақыты бұйырды. Мерекемен тұспа-тұс келген мерейлі күнімізде бізбен болған барша дос-жаран, жора-жолдастарға алғыс білдіремін. Сыйластығымыздың өзі сый. Негізі туған күнім 16 желтоқсан емес, бүгін, 18.12. Енді кішігірім жеке өтінішім бар", - деген жазба қалдырыпты Ләйлә.

Тележүргізуші өзін құттықтаған барша адамдарға  алғысын білдіріп, балалар омбудсмені Аружан Саинның "Балаларға өмір сыйла" қорына арнағандығын қосты

Туған күніммен құттықтауға, қуантуға дәнекер достарыма, таныстарыма сыйлықтарыңызды маған емес, құрбым Аружан Саинның «Подари детям жизнь» қорына, шын мұқтаж жандарға аударуларыңызды сұраймын. Мен үшін бұдан асқан сыйлық жоқ. Мейлі, ол 100 не 500 теңге болсын, мейлі 10 мың болсын шама-шарқыңыз жеткенше жіберсеңіздер, қанша баланың өмірін құтқара аламыз... Қиын болмаса, «Аударылды» деген түбіртекті жекеме жолдаңыз, алғысымды видео арқылы білдіремін", - деп аяқтады жазбасын ол. 

Ләйләні туған күнімен құттықтап, оның өнердегі әріптестері Қарақат Әбілдина, Санжар Мәди, Мәдина Сәдуақасова т.б. сынды әртістер лебіздерін білдіріп жатты. 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр