Ләйлә Сұлтанқызы: Пандемия менің де жақындарым мен туыстарымды алып кетті

Ләйлә Сұлтанқызы аты жаман індет салдарынан жақындарынан айырылғанын айтты. Олардың ешбірінің жаназасына да бара алмаған. Продюсер жақсылықтан үміт ететінін айтады. 

"13 шілде Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы президент үндеуінде айтты. Бұл пандемия менің де туыстарымның ішінен қанша адамды алып кетті. Не жерлеуіне, не не жаназасына бармадым, көңіл де айтпадым деп анам отыр егіліп.

Депрессия/стрессс/уайымның өзі адамды бір жақты қылып қояды. Тірі адам тіршілігін жасайды ғой, десе де. Бәріміз дұғадамыз. Бұл күндер де өтер, кетер. Болашақтан бәрібір үміттіміз", - дtп жазды ол парақшасында.

"Тезірек бітсе екен осы жаман күндер. Жаңалық көргім келмей кетті. О Аллам барлық адам затты сақтай көрші жамандықтан", "Неге қазір ауыл-аймақтарды, қалаларды блок посттармен қымтап жаппайды. Басында халық сенген жоқ, жарайды, бірақ қазір қаншама адамдар о дүниеге аттанып жатыр. Елде үрей бар. Жапса бәрі түсіністікпен қарап, әркім өз үйінде отырады деп айта алам. Тек солай тоқтата аламыз", "Жаназаға бармағандарыңыз дұрыс. Оған ешкім ренжімес деп ойлаймын", "Иманды болсын! елімізде тыныштық болсын!", дейді олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр