Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Коронавирусқа ақша да, атақ та көмектеспейді, ауру өршіп тұр

Тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы туысының коронаирус жұқтырғанын айтты. Дәрігерлер мен орын тапшылығының барын айтты. Аурудың расында өршіп тұрғанын еске салды.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, ауруды ақша шеше алмайды. Оны емдеу үшін, ауруханаға жатқызу үшін, жедел жәрдемді дер кезінде жеткізу үшін ақша да, атақ та көмектеспейді деген пікірде. 

"Бірнеше күн бұрын құдашам отбасымен коранавируспен ауырып қалды. Түн ішінде маған хабарласып, ауруханаға баруға мүмкіндік жоқ, барлық жерде адам толық екенін айтып зар жылады.

Жағдайға бейжай қарау мүмкін емес, танитын,білетін дәрігерлерге хабарластым.Шынымен де аурулар саны сағат сайын өсіп, қалада дәрігерлердің ,жедел жәрдемнің үлгермей жатқанын айтты.

Отбасыңмен түгел шарасыз халге түскеннен артық қиындық бар ма?", - деп жазды.

Тележүргізуші барынша сақтануға кеңес береді. Қазір ауруханада орын мен дәрігер тапшылығы барын айтты. 

"Құрметтілерім, бұл менің жақындарымның басынан өтіп жатқан жағдай. “Қалтаңда ақшаң болса ғана емдейді”- деген өтірік сөз. Кім болсаң да орын жоқ болса, жедел жәрдем үлгермей жатса, участковый дәрігер жете алмай жатса, ештеңе істей алмайсың.

Сондықтан өтініш сақтаныңыздаршы. Кеше президентіміз де сақтық шараларын қатаң ұстаңдар деп жатыр. Танымал тұлғалардың ауырып жатқанын білсек те, бүгін Біртановтың ауырып қалғаны көңілге кәдімгідей қаяу түсірді. Тезірек жазылып шықсыншы.

“2022 жылға дейін маска, қолғап, антисептик үнемі қолданып жүруге тура келеді. Әрі 1,5 метрлік дистанция сақтауды әдетке айналдыруымыз керек” дейді әлемдік дәрігерлер. Сақтанбасақ бұл вирус оңайлықпен кетпейді екен", - деді Сұлтанқызы.


"Ләйлә екеуміздің арамызда ұрыс болып тұрады": Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі алғаш рет сұхбат берді


 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр