Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы жас жігітпен жүретін 46 жастағы әйелді эфирден қуып шықты

“Қазақстан” ұлттық арнасының “Әйел бақыты” бағдарламасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы отбасылы жас жігіттің көңілдесі болып жүрген 46 жастағы әйелдің әңгімесін тыңдай алмай, студиядан қуып шықты.

776699999

Бұл күнгі тақырып егде жастағы көңілдестер жайында болды. 46 жастағы әйел өзінен 17 жас кіші отбасылы ер азаматты қалай уысына түсіргенін әңгімелеп берді.

“Интернетте жас жігіт “Анар қандай әдемісің”, – деп жазып, Skype арқылы сөйлесуге ұсыныс тастады. Ол Астанада тұрады екен, мен Жамбылда тұрамын. Бір кезде ол маған кеудеңді көрсетші деді. Мен көрсеттім”, – деп бастады сөзін Анар есімді әйел.

Одан кейін үйлі-баранды азаматтың көңілдесі онымен ара-қатынасының қалай өрбігенін айтып берді. Анар қымсынбастан 29 жастағы көңілдесінің отбасы, әйел, бала-шағасының бар екенін айтты. Айтуынша, «сүйіктісі» өз әйелінен жалыққандықтан да сырттан жұбаныш іздеген. Осыны ұтымды пайдалана білген Анар оның асты-үстіне түсіп, көңілін тапқан. Әйел ер азаматқа деген ешқандай сезімінің жоқтығын ашық түрде мойындап отыр.

“Ол әйелімен бірге тұрып, жалығып кеткен. Ал мен оны сен жақсысың деп алдап-сулап, дұрыстап әңгімелесемін. Тіпті үйіне барып, тікелей барып кездесетінмін”, – деді ол.

Анардың анайы әңгімесін әрі қарай тыңдай алмаған Ләйлә Сұлтанқызы тәкелей эфирге қарамастан, оны студиядан қуып шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Бейбіт Сейдуалиева қазақ тілінде қатесіз жаза алмауының себебін түсіндірді

Серік Ибрагимов: Үйленгенін жасыратын әншілерді түсінбеймін

Дизайнер Жадо күйеуінің тоқал алуына рұқсат бергенін айтты

Салтанат Бекжігітова тұрмысқа шықты (фото)

Талқылау