Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Таяқ жеп өстік, баласын ұрып жатқан отбасының ішкі мәселесіне ешкімнің араласпағаны дұрыс

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы отбасына, балаларына көп уақыт бөле алмай жүрген кездерін айтып өкінді. Ол өзін бала тәрбиесінде үнемі ештеңеге үлгермейтін, көптеген дүниелерді жіберіп алған деп біледі.

Бұл туралы Ләйлә ханым “Хабар” арнасындағы “Ана мен бала” бағдарламасында айтты.

«Үш ай болды, таңнан қара кешке дейін жұмыс істеу дегенді азайттым. Біраз уақыт шетелге барып тіл үйреніп келдік. Мен балаларыма сабақ оқуда көмектесемін. Оның ішінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын сабақтары. Ал есепті өзім де шығара алмаймын, мойындаған дұрыс болар. Балаларым таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін мектепте. Қосымша сабақтары бар, спорт бәрін қосқанда осынша уақыт далада болады. Күніне жарты сағат планшетпен ойнауға рұқсат етемін. Есесіне мен балаларыммен махаббат сынды еркін тақырыпта ашық әрі жақсы сырласамын»,-дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Тележүргізуші бүкіл отбасымен өзіне қолқа салып, қыз бала дүниеге әкелуін сұрап жатқан ұлдары жайлы айтты.

«Сағадатым «Анашым бізге қарындас керек. Енді тоғыз ай күтейік пе? » деп айтқанда таң қалдым. Кішкентайым аздап сотқарлау. Оған әкесінің айтқандары, менің ескертпем айтарлықтай қорқынышты емес. Сағадат біздің сөзімізді заң деп қабылдайды. Әкелері ұлдарын ешқашан ұрған емес.  Қабағын шытқанының өзі  ұрғанмен тең бұларға. Мен қажет болса бөлек бөлмеге алып барып, ұрысып, сілкіп аламын. Ол балаға қажет. Өзімізді ұрысты да, ұрды да одан еш жаман болған жоқпыз. Сондықтан баласын ұрысып, ұрып жатқан аналарды түсіріп алып, заң бойынша жауапқа тарту дұрыс емес деп түсінемін. Оған ешкім араласпауы керек. Ол бір отбасының жеке  ішкі мәселесі»,-дейді тележүргізуші.

Ләйлә Сұлтанқызы отбасы мәселесіне ана мен баланың, әкенің қарым-қатынасына арналған телебағдарламалардың жоқтығына күйінді.

“Бізде бәрі қазір шоуға көшкен. Отбасы құндылықтары дәріптелмейді. Осы мәселе мені қатты алаңдатады. Отбасы дұрыс бала жоғарыдан көріне алады. Біз осы мәселеге аса үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек”,-дейді тележүргізуші.

Оқи отырыңыз:

12 жыл бірге болдық: Илья Ильин әйелімен ажырасқаны жайлы айтып берді

Алматы облысының әкімі: Мен қазақ тілінде өлең жазып, ән айтамын

Өзінің гомосексуалист екенін мойындаған қазақстандық әртістерге сыйлық берілетін болды

Дәрігерлер қателесіп алматылық әйелдің ішегінің жартысын кесіп алып тастаған

 

Талқылау