Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы өзінен аумайтын «қызын» көрсетіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы желіде өзіне ұқсайтын қызбен бірге түскен суретін жариялап жұрттың ойын сан саққа жүгіртті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Журналист Instagram желісіндегі парақшасында бірнеше рет өзіне ұқсайтын қызбен бірге түскен суретін жариялаған. Тіпті соңғысында қалдырған жазбасында «ұл-қыздарым» деп жазып та қойған.

 

Ұл/қыздарым сыныптас достарының руларын сұрапты. Көбісін жаттай алмапты. Бірақ, арғы аталары бір немесе арғы аталары ағайын кісілердің балалары оқиды екен дейді Қандай ру десең білмейді, бастысы қыз алыспайтынын және неге қыз алыспайтынын түсініп отыр(мүмкін мүлде арғы аталары ағайын кісілердің ұрпағы да емес шығар, жалпы найман немесе қоңырат шығар, бірақ бір болғанға ағайын деп ұғуы мүмкін) Мұғалімнен де қосымша ақпаратты сұраған ғой, ол кісі де толықтырыпты. Енді қараңыз, бала кішкентайынан жеті атасын білу керек дейміз, қалада үйрететін ата-апалары жоқ жастардың отбасында бұл қаншалықты жүзеге асуда немесе толық!!! ақпаратты білетін ата-аналар көп пе? Әй, қайдам… Өзім де тек мынаны ғана үйретіп қояды екенмін: нағашы жұртың -…., өз жұртың-…., атаңның аты-….., апаңның аты-….., болды Атасының атасы кім болған, қай жерде соғысқан, қандай ерлік жасаған, үлкен әжесі қанша ағайынды болған, жеке куәлігі болған ба,болса тура туылған датасы жазылған ба деген қызық, дұрыс мәліметті мен ғана айтпаймын ба, әлде қалай? ☺ Ал, кімнің баласы (10 жасқа дейінгі!) кластастарының руын, шыққан тегін сұрайды екен? #ұлдарымдыеркелетемін #меніңотбасым #меніңекіншікітабым #әйел

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

Сұлтанқызының жазбасынан кейін желі қолданушылары одан қызы бар-жоғын сұрады. Тіпті, «осынша уақыт қызыңызды жасырып жүргенсіз бе?» дегендер де табылды.

«Қызыңыз жоқ еді ғой. Асырап алғансыз ба?», «Қызыңызды жасырып жүргенсіз бе?», «Сонда қызыңыз бар ма?» – деп жазды желі қолданушылары.

Ал бұған дейінгі жазбасында журналист ана мен қыздың қарым-қатынасы жөнінде сөз қозғайды.

«Ана мен қыз… Сіздерді бір нәрсе байланыстыру керек. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын нәрсе. Қаласаңыз тіпті иісін сезінуге болатын… Ол нәрсе сіздің құпияларыңызды сақтап, қызыңызға жеткізу керек. Сіздің өміріңіздің ең ғажап сәттерінің куәсі болып, қызыңызға оларды естелік ете алу керек. Сіз жоқ кезде ол қызыңыздың жанында қалу керек…» – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Ана мен қыз… Сіздерді бір нәрсе байланыстыру керек. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын нәрсе. Қаласаңыз тіпті иісін сезінуге болатын… Ол нәрсе сіздің құпияларыңызды сақтап, қызыңызға жеткізу керек. Сіздің өміріңіздің ең ғажап сәттерінің куәсі болып, қызыңызға оларды естелік ете алу керек. Сіз жоқ кезде ол қызыңыздың жанында қалу керек… Уақыт тәуелсіз… Тоқтамайды… Бағалы, ерекше бір нәрсе. Құнын да құндылығын да жоғалтпайтын нәрсе. Мәңгі бір нәрсе. Сізде ол міндетті түрде болу керек. Сақтап қойыңыз. Сосын қызыңызға аманат ретінде қалдырыңыз. Себебі сіздерді байланыстыратын бір нәрсе болу керек…❤ @premiere_jewellery #premiere_jewellery #yana_jewellery #de_beers #бағалы #ерекше

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

Журналистің өзі қызы туралы сұраған оқырмандарына жауап бермеді.

Оқи отырыңыз:

Салтанат Бақаева Қырғызстанның алғашқы тарихи мюзиклінде басты рөлді сомдады (фото, видео)

Томиристің бала күнгі бейнесін кім сомдайтыны белгілі болды (фото)

Жұбайын туған күнімен құттықтаған Айқын Төлепберген жұрттың қызу талқысына түсті

Дана Нұржігіт атышулы Байзақованы фильмге түсірген Азамат Сатыбалдыға риза болғанын айтты

Талқылау