Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы өзі оқыған университет алдында әжесінің шемішке сатқанын айтты

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы студент кезінде өзі оқыған университеттің алдында әжесінің шемішке сатқанын айтып берді. Тележүргізуші қиын-қыстау кезеңде, анығында 90-жылдары анасының қолдан нан пісіріп сатқанын, бір кездері пошташы болғанын да жасырмады.

sultankyzy_3

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды. Бағдарламаның бүгінгі саны қара жұмыс істейтін әйелдер тақырыбына арналды.

Қонақ ретінде шақырылған жас жігіт анасының базарда ұсақ-түйек сататынына ұялатынын айтты. 16 жастағы мектеп оқушысы анасы туралы достарына айтпайтынын мәлім етті.

«Әкем қайтыс болған соң анам базарға шығып, ұсақ-түйек заттар сата бастады. Оған дейін жұмыс істеп көрмеген. Бүгінде базардың алдында ұсақ-түйек заттар сатумен айналысады. Олардың ішінде шемішке, тұрмысқа ең қажетті, бағасы арзан заттар бар. Мен ол үшін ұяламын. Достарымның алдында, араласып жүрген адамдарымның алдында дәрежем төмендейтін сияқты. Достарымның ата-аналары түрлі жетістікке жеткен немесе материалдық жағдайлары жақсы кісілер», – дейді Болат есімді жас жігіт.

Әңгіме барысында Ләйлә Сұлтанқызы оны жақсы түсінетінін, кезінде өз әжесінің ол оқыған университеттің алдында шемішке сатқанын әңгімелеп берді.

«90-жылдары өте қиын кезең болды. Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студентімін. Сол кезде анам үйден нан пісіріп, базарға апарып сататын. Таңертең тұрып шамамен 50 дана нан пісіретін. Сөйтіп базарға апарып сататын. Сол 50 наннан әрі кетсе 200 теңге түсетін. Ал әжем (осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған) мен оқыған университеттің алдында шемішке сатты. Мен сені түсінемін. Сен анаң зат сатып тұрған жерден айналып өтетін шығарсың, сол базарға барғың келмейтін шығар», – деп пікір білдірді Ләйлә Сұлтанқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы: Менің суретіммен арықтау туралы жарнамалайтындардың бәрі алаяқтар

Баян Есентаева: Ақботаның күйеужігіті маған айыппұл төлейді (видео)

Луина продюсерімен келісім-шартын тоқтатып тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

Талқылау