Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Кішкентай кезімде жылауықтығымды тоқтату үшін гәлөшпен ұрып, тыныштандыратын дәрі ішкізген

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кішкентай кезінде көп жылағанын айтты. Тіпті, оның жылағанын қойдыру үшін ата-анасы түрлі тәсілді қолданып көрген екен, деп жазады Stan.kz.

Ләйлә Сұлтанқыз

Өз сөзінде тележүргізуші бір құлағаның қайық тәрізді шұңқыры (құлақтың жоғарғы жағы) ашылмағанын айтты.

«Барлық балада оны анасы шомылдырып болған соң, майлап отырып ашады. 3 жасқа келгенше жылауық болғаным соншалық, сол құлағыма тиісуге мұршалары мен батылдары жетпепті. Өйткені сол жаққа қарай жата бергем», – деп жазды Сұлтанқызы Instagram-парақшасында.

Алайда ата-анасы оның көп жылағанын қойдыру үшін, әртүрлі тәсіл қолданған. Тіпті, оның ішінде түрлі ырым-сенім де бар екен.

«Сәл болса да тыныш ұйықтасын деп, бір құлағымды аша берген. Жылауықтығымды тоқтату үшін мың түрлі тәсіл қолданған. Гәлөшпен ұрған, тыныштандыратын дәрі ішкізген, ырымның бәрін істеген, дем салдырған, медициналық chek-up-тан өткізген. Ешқайсысы анам күткен нәтижені бермеді», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Тележүргізушінің сөзіне қарғанда, құлағының ашылмаған шұңқыры әлі күнге дейін сол күй қалған көрінеді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 27 Тамыз, 2018 14:53
Талқылау